Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
43
лайша уақыт артынан уақыт зымырап өтіп, бір күні
әке мен шешенің өзі бағылып-қағылуға мұқтаж күйге
түседі. Құранда қартайып, басқаның қолына қарайтын
кезге жеткен адамның жағдайын:
«Кімге ұзақ өмір
сыйласақ, оларды бәз-баяғы қалпына қайта түсіреміз
(яғни күш-дәрменін азайтамыз)»
36
,
–
деп, олардың
қайтадан баяғы сәби кездеріндегідей әлсіз, қауқарсыз
халге түсетінін баяндайды. «Дүние – кезек» дегендей,
ендігі жерде ата-ананы бағып-қағу перзенттің мойны-
на жүктеледі. Перзент ата-анасының нәпақасын тауып,
оларға қамқорлық жасауы тиіс. Сонда ғана ата-анасы
басқа адамдардың алдында абыройы өсіп, баласының
адал табысымен күн көріп, бақытқа кенеледі. Осы
жайды тілге тиек еткен Базар жырау:
Баласы жақсы қандай-ды
Көңіліңде арман қалмайды, – деп жырлайды.
Иә, әкені ақсақал дәрежесіне көтеретін – өзінің
туған баласы. Осыған орай халқымыз өмірлік
тәжірибесінен ой түйіп:
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге апарар,
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын есікке апарар, – деген екен.
Қағб ибн Ужрә Пайғамбарымыздың кезіндегі бір
оқиғаны былай баяндайды: «Бәріміз мешітте жина-
лып отырғанда бақуатты әрі қайратты бір кісі кіріп
келді. Сол жерде отырған сахабалар: «Уа, Аллаһтың
Расулы! Мына адам Аллаһ тағаланың жолында
қызмет етсе ғой!» – деді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
:
«Егер бұл адам балаларының нәпақасын табу-
мен шұғылданып жүрсе – Аллаһ тағаланың жолында
36
«Ясин» сүресі, 68-аят..