Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
39
Ананың жанқиярлығын санамалап бітіре алмай-
мыз. Аллаһтың нөсерлетіп жаудырған нығметтерін
теңіздерді сия, ормандарды қалам етіп алып жазуға
тырыссақ та жазып бітіре алмайтынымыз секілді,
аналардың ақысын мәңгілік өмір сүрсек те өтей ал-
маймыз. Себебі олар бұл ақыны мәңгіліктің иесі –
Аллаһ тағаладан алған.
Анасын иығына отырғызып, Қағбаны тау-
ап жасатқан бір кісі Пайғамбарымыздан
«Анамның
ақысын өтей алдым ба?»
деп сұрапты. Сонда Ардақты
Елші
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«
Ж
оқ, бір толғағының да
ақысын өтей алмадың», –
деген екен
32
.
Пайғамбарымыздың тәрбиесін көрген саңлақ са-
хабалар да ананың ақысына осылай қарайтын. Бір
күні Абдуллаһ ибн Омар шешесін арқасына арқалап
алып Қағбаны тауап жасап жүрген Йемендік бір
кісіні көреді. Әлгі адам анасын арқалап жүріп: «Мен
анамды арқама отырғызған бейшара түйемін», – деп
күбірлеп жүр екен. Ибн Омарды көріп қалып, «Қалай
ойлайсың, мен анамның ақ сүтін ақтай алдым ба?» –
деп сұрайды. Сонда ибн Омар: «Жоқ, бұл әрекетіңмен
анаңның сені өмірге әкелер кездегі толғақтарының
біреуінің де ақысын өтей алмайсың», – деп жауап
қатады.
Әділеттің ақ туына баланған хазрет Омарға бір
кісі келіп: «Кәріліктен белі қайысқан анам бар. Оны
арқамда арқалап, дәретін алдырамын. Ешқашан да
бұл әрекетімді міндетсінген емеспін. Осы еңбегіммен
анамның ақ сүтін өтеген болып саналам ба?» – деп
сұрайды. Хазрет Омар: «Жоқ», – деп жауап береді.
32
С. Қутуб.
Фи Зылалил-Қур’ан.
(ауд: С. Учан, В Инже, М. Иолжу),
(I-X том), VII, 29-б., Станбул, 1991.