Previous Page  34 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 144 Next Page
Page Background

34

Жұмақтың кілті жаныңда

тағала Құранда осы мейірім қаһарманын былай деп

суреттейді:

«Біз адам баласына ата-анасына жақсылық

жасауды бұйырдық. Себебі

анасы

оны қиындықпен

құрсағында көтеріп, сондай ауыртпашылықпен

дүниеге әкелді. Құрсақ көтеру мен емшек емізіп бағу

мерзімі отыз айға созылады»

26

.

«Біз адамдарға ата-анасымен жақсы қарым-

қатынаста болуды бұйырдық. Себебі

анасы

оны

әлсіреген үстіне әлсіреп, қиыншылықтарға төзе

отырып құрсағында көтеріп жүрді. Туғаннан кейін

екі жыл емізеді. (Ей, Адамдар!) Алдымен Маған, со-

сын ата-аналарыңа алғыс айтыңдар. Соңында Маған

қайта ораласыңдар»

27

.

Аяттарда анаға да, әкеге де жақсылық жа-

сау өсиет етілгенімен, ананың тартатын мехнаты

айрықша аталып өтеді. Осылайша ананың әкеден

артық үш ерекшелігі баяндалады: жүктілік, босану

және сүт емізу. Ия, олар бізді әуелі құрсағында, шыр

етіп дүние есігін ашқан сәтімізден бастап құшағында,

сосын арқасында, одан қалса өмірінің соңына дейін

жүрегінде тасып өтеді. Сондықтан аналардың ақысы

әкелердікінен де жоғары.

Осы

аяттардың

түсіндермесіне

қатысты

А. Әділбаев «Кемелдік кілті» атты еңбегінде былай

дейді:

«Аятта:

«Анасы оны қиындықпен құрсағында

көтеріп, сондай ауыртпашылықпен дүниеге әкелді»

десе, Лұқпан сүресінің 14-аятында

«әлсіреген үстіне

әлсіреп»

деп ананың балаға жүкті кезін көз алдымызға

26

«Аһқаф» сүресі, 15-16 аяттар.

27

«Лұқпан» сүресі, 14-аят.