Previous Page  33 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

33

мәңгілік ханшайымына айналады. Ақындар ана ма-

хаббаты жайлы тебіренсе, қыл қалам шеберлері сия са-

уыттарын түгеседі. Ол – тәжі жоқ сұлтан. Перзентінің

Хақ жолындағы талпыныстары мен иманының

тереңдігіне қарай Аллаһ тағала ақыретте анаға күн

шуағынан да жарқын тәжді кигізеді.

Риза бол анаңа,

Михнат етіп сақтаған.

Тоғыз ай, он күн ішінде,

Дүниеге сені шығарды,

Перзентті болды қуанды.

Періште көңіл пәктікпен,

Ақ сүтін сорып жұбандың,

Талай бөлдің ұйқысын,

Бесікте жылап мазалап.

Мәпелеп сені өсірді,

Тәрбиелеп, тазалап.

Және де көңілі шат болды,

Көтеріп алып сүйгенге,

Апыл-тапыл алдында,

Аяқ басып жүргенге.

Шақырып еді балым деп,

Сүйіп еді жаным деп,

Жылы шырай күлгенде.

Тәрбиелеп өсірді,

Еркелік қылсаң кешірді

25

, – деп, ақындарымыздың

тебіренгеніндей, ана үшін өмірдің бар қызығы бала

болып, сәбиін құшағына басып, бір сүюінің өзі оған

бүкіл қиыншылықты ұмыттырады. Ұлы Жаратушы-

мыз оның бойына мейірім сезімін дарытқан. Аллаһ

25

Ақберен (XVIII-XX ғ-ғы қазақ ақын-жыраулардың жырлары).

117-118-беттер.