Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
31
біреу «Перзенттің ата-ана алдындағы борышы
қандай?» – деп сұраған екен. Сонда хазрет: «Мал-
мүлкің мен бала-шағаңды сол жолда сарп етсең
де олардың ақысын өтей алмайсың», – деп жауап
беріпті.
Ананың ақ сүті
Аллаһ тағала жаратылыстағы өзге де тіршілік
иелері іспетті адам баласын да жұбымен жаратқан.
Ер мен әйелді екі жартыға теңесек, олар бір-бірінің
кемшіліктерін толықтыруы арқылы, бір бүтінді
құрайды. Алайда осы екі жартының да әрқайсысының
жаратылыс ерекшеліктеріне сай бір-бірінен өзіндік
артықшылықтары бар. Ер кісінің табиғатына тән
қасиеттің бәрін әйел затынан талап ету сорақылық,
ал нәзік жандыларға тән қасиетті шаңырақтың тірегі
ер азаматтың бойынан іздеу – әділетсіздік болар еді.
Мысалы, баланы мейірім шуағына бөлеу – әкеден
гөрі анаға тән қасиет. Бұл қасиет әйел затының ны-
шаны іспеттес. Ана болу – ұлы сезім. Оны тілмен
айтып жеткізу мүмкін емес. Осындай қасиетке ие
болған аналар ата-аналық мәртебеде әкелерден бір
саты жоғары тұрады. Әйел баласы бұл дәрежеге
әйел болғандығынан емес, ана болғандығы үшін
қол жеткізеді. Ана деген құрметті атты әйел заты
жанқиярлық еңбегі арқылы аса қымбат бағаға са-
тып алады. Ол перзенті үшін тар құрсағын кеңейтіп,
жүгі ауыр жүктілікті басынан өткізеді. Сәбиін тоғыз
ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймай,
түн ұйқысын төрт бөліп, мұздай бесік таянып, ба-
ласын көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіреді.
Өзі жемей, баласына жегізіп, өзі кимей, баласы-
на кигізіп, аяғынан тік тұрғызады. Баласы қиналса,