26
Жұмақтың кілті жаныңда
айтамыз. Демек мұсылманның миғражы іспеттес
болған намазда, Аллаһ тағаланың алдында бас
иіп, құлшылығымызды атқаруға тұрған кезімізде
өміріміздегі ең асыл жандар – ата-анамызды да
ұмытпай, олар үшін де тілек тілейміз. Ибраһим
пайғамбардың Құранда айтылған баянды тілегімен
намазымызды көркейтіп, күніне бес уақыт Аллаһ
тағаланың алдында соның айтқандарын қайталап, на-
мазымызды сол дұғамен тәмамдаймыз.
Ата-анаға құрмет – Пайғамбарға тән мінез
Пайғамбарлар жер бетінде Аллаһ тағаланың
мұратына қарай өмір сүреді. Олардың сөйлеуі, күлуі,
демалуы, күнделікті тіршілігі мен әлеуметтік қарым-
қатынастары бейне-бір Аллаһтың рұқсатымен жаса-
лып жатқан іс-әрекеттер секілді. Олар тікелей Аллаһ
тағаланың ұлық тәрбиесімен өскен үлгілі адамдар.
Пайғамбарымыз да
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде
осыны меңзеп:
«Мені Раббым өзі тәрбиеледі,
тәрбие болғанда да ең керемет үлгіде»
,
19
– дейді.
Пайғамбарлар іс-әрекеттері мен көзқарастары арқылы
бізге жол көрсетеді. Біз оларға қаншалықты ұқсасақ
иләһи ахлақты соншалықты бойымызға сіңірген бо-
ламыз
Құран Кәрімде баяндалғандай хазрет Иса
пайғамбардың (а.с.) анасына құрмет көрсету
мәселесінде Аллаһтан әмір алғанын және осы
қасиетімен адамдарға үлгі болғанын көреміз. Ол
Аллаһ тағаланың бұл жақсылығын былай тілге тиек
етеді:
«Қайда жүрсем де (Аллаһ) мені құтты, мүбәрәк
19
Мунауи. Фәйзул-қадир. I, 224-225-беттер; Ажлуни. Кәшфул-
Хафа. I, 72-бет.