Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
37
жоғары тұратындығын дін ғұламалары төмендегідей
ерекшеліктері негізінде дәлелдейді:
• Жүктілік кезеңі
• Босану
• Емізу
Міне осыүшмәселеде ана барлықжауапкершілікті
бір өзі көтеріп, аталмыш кезеңдерден кейін барып бала
тәрбиесіне әкесі де өз үлесін қоса бастайды.
Жүктілік кезеңінде ана әрдайым сәбидің қамын
ойлаумен жүреді. Құрсағындағы баласына кесірі
тиіп кетпеуі үшін жесе де, ішсе де, жүрсе де, дәрі
қабылдаса да аса сақтықпен әрекет етеді. Құрсақтағы
сәби ананың бейне-бір әміршісі секілді. Ана үнемі
бірінші орында соны ойлайды. Сосын аналардың ба-
сына «жүкті әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде»
деп суреттелетін, толғақ қысып, босанатын сәті келеді.
Жарық дүниеге бір адамды әкелгенде, ана өзі мың
өліп, мың тіріледі. Сәбиін өмірге әкелгеннен кейін
ана тоғыз ай арқалаған жүгін белінен шешіп тастай
алмайды. Керісінше жүгі одан сайын ауырлай түседі.
Ананың жеке өмірі екінші орынға қарай ығысып,
ендігі жерде өмірлік бағдарламасын жаңа қонағына
қарай құрады. Бұл бағдарламаның сүт емізу кезеңінің
өзі кейде екі жылға дейін жалғасады. Түнде ұйқыдан,
күндіз күлкіден айрылады. Баяғы қамсыз ұйқысы
көзден бұлбұл ұшады. Себебі оның сәби атты қадірлі
қонағы әлі күн мен түнді айыра алмайды. Жаны
қай кезде қаласа, сол сәтте «жылау» деген сиқырлы
қаруымен анасын өзіне қаратып алады. Ал ана оның
бұл шақыруына «басыма бәле болдың ғой», – демейді.
Жүрегіндегі мейірімі оған бұл сөзді айтқызбайды.
Аллаһ тағала аналарға осыауыржүкті көтере білу үшін