Previous Page  41 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

41

бәрі өткінші, ал Аллаһтың ризашылығы – мәңгілік.

Сондықтан осы ұлық мәртебеге жетуді қалаған

жандардың қажетті шарттардың бәрін орындауға

құлшынары анық.

Аллаһ тағала ризашылығы жайында Құран

Кәрімде:

«Аллаһ мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдерге

аяқтарының астынан өзендер ағып жатқан мәңгілік

жаннаттар мен Адн жаннатында әсем сарайларды

уәде етті. Дегенмен Аллаһтың ризашылығы бәрінен

жоғары. Ұлы есендік осы»

33

, –

дейді.

Аллаһ тағаланың салиқалы құлдарының бірі:

«Оның ризашылығына қол жеткізген адам не

жоғалтар дейсің, ал одан айырылып қалған жан не

табар дейсің?», – деп ризашылықтың маңызын тілге

тиек еткен.

Аллаһтың сүйікті құлдары бұл дәрежеге жету

үшін қиыншылықтың бәріне де төзген және олардың

ешқайсысы да осы жолға бас қойғандықтарына тит-

тей де өкініш білдірмеген. Өйткені Жаратушы Жап-

пар Ие риза болса, бүкіл әлемнің наразылығы түкке

тұрғысыз. Ол риза болса басқаларды да риза етеді. Ал

Ол риза болмаса, бүкіл әлемнің риза болуы көк тиынға

да татымайды.

Міне осындай ризашылыққа қол жеткізудің бір

жолы – ата-анаға жақсылық жасау. Өйткені бұны

айтқан ардақты Елшінің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

өзі бола-

тын. Ол:

«Күллі әлемді құдіретімен шыр айналдырған

Жаратқан иені риза қылудың жолы – ата-ананың

ризашылығын алуда. Ата-ананың лағынеті мен ашуы

33

«Тәуба» сүресі, 72-аят.