Previous Page  20 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 144 Next Page
Page Background

20

Жұмақтың кілті жаныңда

қатысты мәселеде ең әуелі ата-ананың орны айтылып,

аят пен хадистерде оларға құрметтің маңыздылығы

Аллаһқа ғибадат етуден кейінгі ретте көрсетілген.

«Ұрпағым ─ жұбанышым»

Ата-анаға құрметтің өлшемінбілдіргенаяттардың

бірінде Аллаһ тағала:

«Ал егер олардың бірі немесе екеуі де қолдарыңда

тұрған кезде қартайса, оларға «үһ» деп те айтпа.

Сондай-ақ, оларға зекіме және сыпайы сөйле...»

16

, –

дейді.

Бұл аятта Аллаһ тағала ата-ананы неліктен

«екеуі» деумен қатар

«олардың бірі»

деп бөліп

айтқан? Осы сөздің өзінде терең сыр бар: «Бір жағынан

алып қарағанда ата-ана бір-біріне өмірлік жолдас.

Олар өмірдің тәттісін де, ащысын да бірге тартып,

бірге бөліседі. Бірақ, барлық тіршілік иесінің басына

келетіні секілді бір күні олардың да арасын өлім айы-

рады. Өмірлік серігін жоғалтқан жан қара жамылып,

қайғылы күндердің қойнауына енеді. Ол үшін бұл өмір

қаңсырап қалған бос дүниедей көрінеді. Жалғыздыққа

үйренісе алмай кейде о дүниелік болған жұбайының

зиратына барып, ішіне бүккен қайғыдан көкірегі қарс

айрылып, көз жасын көл қылады. Өзінің қайғысымен

қоса дос-жарандарының, туған-туыстардың арасынан

да бұл дүниемен қош айтысып жатқандар оның еңсесін

одан әрі баса түседі. Сондықтан Құран бізге былай

деп ескерту жасайды: «Осындай аянышты күйге

түскен әкелеріңе немесе аналарыңа баласы ретінде

қолдау көрсетіңдер. Жығылған үстіне жұдырық

болмаңдар. Оларды қарттар үйіне жіберіп, көшелерде

16

«Исра» сүресі, 23-24-аяттар.