Previous Page  14 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 144 Next Page
Page Background

14

ҚҰРАН АЯТТАРЫ МЕН ХАДИСТЕРДЕГІ

АТА-АНАНЫҢ АҚЫСЫ

Адам баласын жаратып, оған сана мен ақыл беріп,

Жаратқанға құл болу секілді ұлы жауапкершілікті

жүктеген Аллаһ тағала оны мына фәни дүниеде

де ескерусіз қалдырмады. Пайғамбарлары арқылы

оларға тура жолды көрсетті. Адамзатты тура жолға

бастауы үшін пайғамбарларының кейбіріне парақтар,

кейбіреулеріне кітап жіберді. Соңғы пайғамбары

Мұхаммед Мұстафаға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ақырғы кітап

– қасиетті Құран Кәрімді нәсіп етті.

Адамзатқа жіберілген осы соңғы қасиетті

кітапта шексіз мейірім иесі Аллаһ тағала ата-ананың

ақысына ерекше назар аударған. Менің құзырыма

ата-ана ақысын аяқ асты етіп емес, қайта олардың

ризашылығына бөленіп, ақ батасын алып келіңдер

деп бұйырған. Ал Ұлы Жаратушының ескерткен

нәрселерін құрмет тұту – мұсылмандықтың белгісі.

Құран Кәрімде ата-ананың ақысына ерекше мән

берілгені секілді Пайғамбарымыздың да бұған барын-

ша ден қойғанын оның хадистерінен нақты көруге бо-

лады. Бүкіл ғаламға рақым ретінде жіберілген ардақты

Елші үмбетіне сөздері мен істері арқылы кез-келген

мәселеде үлгі болған. Пайғамбарымыз түрлі себеп-

терге қатысты ата-ананың ақысына ерекше назар ау-

дарып, ескерту мен талап-тілектерін айтып отырған.

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Аллаһқа

деген сенім мен тәухид мәселесінен кейінгі ең көп

көңіл бөлген мәселенің бірі – ата-ананың ақысы бола-