Жұмақтың кілті жаныңда
7
ша суреттейді: Семей қаласында үш жыл оқып,
жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен бала Абай
өзін күтіп тұрған туыстарын көреді. Бойын сағыныш
билеген ол аттан түскен бетте амандасу үшін анасына
қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан:
«Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр, әкеңе
барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім
жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт
бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар топқа қарай
адымдай жөнеледі
5
. Осыдан келіп баланың көзінде
әке асқар тауға айналса, әкенің көңілінде қайырымды
ұрпаққа деген сүйіспеншілік алаулаған.
Шаңырақтың алтын босағасы, киелі тұтқасы
– аналар. Халқымыз аналарды да аса құрметтеп
қастерлеген. Ардақты аналарымыздың жүгі қай
кезде де жеңіл болмаған. Олар өзінің жаратылы-
сында адалдығы, еңбекқорлығы, шыдамдылығы,
сезімталдығы,
қанағатшылдығы,
мейірімділігі,
инабаттылығымен қандай қиындықты болса да
табандылықпен жеңе біліп, жарқын болашаққа
жол ашқан. Осы қасиеттерімен қазақтың сөз өнері
мұрасының алтын қорынан іргелі орын алған Құртқа,
Қарлыға, Баян, Ақжүніс, Қарашаш, Еңлік, Жібек,
Домалақ ана, Айша бибі, Бопай ханым, Айғаным,
Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды көптеген дана әрі дара
тұлғалы аналарымызды халқымыз құрметтеп жырға
қосқан, істерін өнеге, жолын нысаналы мәре етіп
көрсеткен. Анаға деген сүйіспеншілікті асыл мұралар
арқылы ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған. Батырлар оның
5
М. Әуезов. Абай жолы. I, 9-бет, Алматы, Жазушы, 2003.