Жұмақтың кілті жаныңда
4
бұлақ. Міне, бес бақыт осы», – деген екен Қарауыл
Қанай шешен. Ата-ана, ағайын-туыс, өмірлік серік,
бала-шаға, мұның бәрі Жаратқан Жаппар Иенің адам
баласына тарту еткен сыйы. Аллаһ тағала бұларды
тарту етіп қана қоймай, оны сақтаудың сырларын
да үйреткен. Құранда және ардақты Елшінің
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
айтқан хадистерінде отбасы мүшелерінің
арасындағы қарым-қатынас әдебі тайға таңба
басқандай белгіленген. Міне, егер дініміз арқылы жет-
кен дәстүрлер әрбір шаңырақтың қуатты керегелеріне
айналғанда ғана отбасының ұйытқысы ұзағынан
болмақ.
Шаңырақтың негізі – ата-ана. Ұлы Жаратушы
осы екі қастерлі жанды ұрпақ жалғастығының бас-
ты себебі етіп жаратқан. Ерлі-зайыптылар шаңырақ
құрып, бала-шағалы болып, отбасының өрісі кеңейеді.
Ата-ана қолынан келгенше перзенттерін бағып-қағып,
қанаттығақақтырмай, тұмсықтығашоқтырмайөсіреді.
Осыжолда барын жұмсайды, тіпті өзін мансұқ етуге де
даяр тұрады. Бірақ уақыт озады, ата-ана да қартайып,
қауқарсыз күйге түседі. Дүние кезек, енді ата-анасы
баласына қонақ болып, Жаратушы Иенің амана-
тын арқалау міндеті перзенттің мойнына жүктеледі.
Осы ұлы жауапкершілікті толық сезініп, барша бол-
мысымызбен оны атқаруға талпынсақ, оңымыз бен
солымыздың шаттыққа толары анық. Оңымызда
біздің мейірімімізбен мерейі өскен ата-анамыз, солы-
мызда ата-анамыздың алдында құрақ ұшқанымызды
көріп өскен, ата-ана ақысын өтеуде бізді өзіне үлгі
тұтқан бала-шағамыз. Осылайша отбасы мүшелерінің
арасында өзіне үйіріп алар сиқырлы бір күш пайда