Previous Page  124 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 124 / 144 Next Page
Page Background

124

Жұмақтың кілті жаныңда

Бір күні Пайғамбарымыздың жанына бір кісі

келіп, «Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһ уә әшһәду

әннә Мухаммадән абдуһу уә расулуһу» деп кәлимә

шәһәдатты айтады. Сосын Пайғамбарымызға былай

дейді: «Ей, Аллаһтың расулы, мен бес уақыт намазым-

ды оқимын, зекетімді беремін. Рамазан айында ораз-

амды да ұстадым.» Сонда Пайғамбарымыз:

«Кімде-кім

сенің осы айтқан амалдарыңның парыз екенін мойын-

дай отырып жасаса, қиямет күні пайғамбарлармен,

сыддықтармен (адалдықпен өмір сүрген, жалған сөзді

аузына алмаған шыншыл адамдар) және шаһидтермен

бірге болады. Бірақ ата-анасына қарсы шыққандар

бұған жете алмайды»

134

, – дейді.

Ата-анасына қарсы шыққан адамдар ақыретте

пайғамбарлармен, салиқалы жандармен, шәһидтермен

бірге бола алмақ емес. Бұл өз кезегінде орны толмас

өкініш.

Жазасы екі дүниеде де берілетін күнәлардың

бірі – ата-анаға қарсы шығу

Жазасы осы дүниеде берілмей ақыретте берілетін

кейбір күнәлар бар. Сонымен қатар жазасын ақыретпен

қатар осы дүниеде тартатын күнәлар да баршылық. Ата-

анаға қарсы шығу мен туған-туыстармен қатынасты

үзу осы екінші санаттағы күналарға жатады. Бұны

бізге жеткізген – ардақты Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

өзі. Ол бір хадисінде:

«Ақыретте дежазасы

бөлек берілумен қатар, осы дүниеде ең қысқа мерзімде

басқа пәле болатын күнәлардың бірі – зұлымдық жа-

сау және туған-туыспен қатынастарды үзу»

135

, – деп

134

әл-Хәйсәми. Мәжмәуз-Зәуаид. VIII, 147-бет.

135

Әбу Дауд. Әдәб. 43; Тирмизи. Қияма. 57; Ибн Мәжә. Зуһд. 23