Previous Page  127 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 127 / 144 Next Page
Page Background

Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері

127

Иә, – деп жауап берді. Пайғамбарымыз қасын-

дағыларға:

Онда оның анасын ертіп келіңдер, – деп тапсырма

берді. Біраз уақыттан соң әлгі жігіттің анасы да келді.

Пайғамбарымыз одан:

– Өлім аузында жатқан мына жігіт сіздің балаңыз

ба?, – деп сұрағанда анасы:

– Иә,– деді. Сонда Пайғамбарымыз:

– Егер балаңызға көмек қолын созып көмек-

теспесеңіз балаңызды жалыны көкке жететін отқа

лақтырамыз десе не істер едіңіз?, – деп сұрады.

Мұндай ауыр да жантүршігерлік сұраққа ол:

– Иә, аналық сүтімді адал деп, ақымды кешер

едім, – деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз әлгі

әйелден қайтадан:

– Балаңды кешіріп, одан риза екеніңе бізді және

Аллаһ тағаланы куә етесің бе?,– деп сұрағанда жігіттің

анасы:

– Уа, Жаратқан! Баламды кешіріп одан риза

екеніме Өзіңді және Елшіңді куә етемін, куә бол!,– деді.

Анасының бұл куәлігін алғаннан соң Пайғамбарымыз

жігітке қарап:

Ей, бауырым! Енді «Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһ

уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уә расулуһу» деп

айтып көр,– деді. Осы кезде әлгі жігіт қиналмастан

тілін кәлимаға келтіріп жанын тәслім етті.

Сонда Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

– Мына жігітті жаһаннамның жалындаған оты-

нан аман сақтап қалған Аллаһ тағалаға мадақ! – деп

қуанышын білдірген еді»

137

.

137

Ахмад ибн Ханбал. әл-Муснад. IV, 382-бет; әл-Бәйхақи. Шуабул-

иман. VI, 198-бет.