126
Жұмақтың кілті жаныңда
күнәларынан арылу үшін берген садақалары да қабыл
болмайды
136
.
Осыған орай Абдуллаһ ибн Әуфа төмендегі
ғибратты оқиғаны бізге әңгімелейді: «Бір кісі
Пайғамбарымызға келіп:
Уа, Аллаһтың елшісі! Арғы көшелердің бірінде
үйінде соңғы демін берейін деп жатқан бір жас жігіт
бар. Оған арғы дүниеге иманды кетсін деген ниетпен
«Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухам-
мадан абдуһу уә расулуһу» деп қанша айтсақ та оның
тілі кәлимаға келер емес, – дегенде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
Ол жас жігіт сау кезінде кәлима айтатын бе еді
өзі?,– деп сұрады. Ол жердегілердің бәрі бір ауыздан:
Иә, айтатын,– десіп куәлік келтірді.
Олайболсаоныңкәлимағатілінкелтіреалмауының
себебі не болды екен?», – деп, Пайғамбарымыз әлгі жас
жігіттің үйіне қарай бет алды. Пайғамбарымыздың
қасындағы сахабалары да Онымен бірге барды.
Пайғамбарымыз жан тәслім еткелі жатқанжігіттің
қасына барғаннан соң: «Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһ
уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уә расулуһу» деп
айтшы, қане»,– деді. Ол мұны айтқысы келгенімен
шамасы келмей жатқанын білдірді. Пайғамбарымыз
сонда:
Мұның себебі неде?, – деп сұрағанда әлгі жас
жігіт:
Анама жасаған жамандықтарымнан болса керек,
– деді. Пайғамбарымыз:
Анаң тірі ме?– деді. Ол:
136
Ибн Әбу Асым. әс-Сунна. I, 142-бет.