Previous Page  172 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 172 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 173 -

и

ИЛӘҺИ ҚАҺАР

«Пақырлық пен мұқтаждыққа

туншыққан көңілдер түтінге толы үйге

ұқсайды. Сен олардың мұқтаждығын

тыңцау арқылы сол түтіндеген үйге бір те-

резе ашсаң, оның түтіні тартылып, сенің

де жүрегің сезімтал болып, рухың нәзік

болады!»

Хазіреті Мәуләна

МәриямұлыИса өзінбейне бір арыстанқуалапжүргендей

жан ұшырып, қашып бара жатты. Бір адам осы халге таң

қалып, соңынан жүгіріп:

«Жайшылық па, үріккен құс сияқтышыр-пыр болып, не

үшін және қайда қашып бара жатырсың? Артыңда ешкім

жоқ!» - деп дауыстады.

Хазіреті Иса (аләйһиссәләм) жылдам жүгіргені

соншалық, асығыстығынан адамның сұрағына жауап

қайтара алмады. Оның бұлай қашуының себебін білгісі кел-

ген адам ақыры оған жақындап:

«Ей, Рухұллаһ! Аллаһ үшін бір сәт аялдап, айтсаң

қайтеді! Сенің бұл қашуың мен үшін бір тылсым болды! Кім-

нен қашып бара жатырсың? Артыңда арыстан да, дұшпан

да, қорқатын ештеңе де жоқ! - деді.

Сонда Хазіреті Иса (аләйһиссәләм):

«Ақымақтан қашып барам, ақымақтан! Кет, маған ке-

дергі жасама, кұтылуым керек!»

- деп жауап берді.

Бұл жолы адам:

«Демінен соқырлар мен саңыраулар шипа тапқан

«Мәсих» емеспісің?» - деп сұрайды.