Хикмет
баспа үйі
- 171 -
Яғни, иләһи махаббатқа мас болған адам, әлемге
ашкөздікпен қараудан, халықтың айыптары мен кемшілік-
терін көруден құтылады. Осылайша кемелденеді. Сейтіп,
мақсатеткен орнынажетеді. Міне, Бұл да таза ғашықтық,
иләһи махаббат.
Кәміл мүршид иләһи билікпен мүридтерін езіне байлап,
олардымәнсіз байланыстардан қүтқарып, пәк (жоғары) бай-
ланыстарын күшейтеді. Осылайша өзі иләһи ғашықтықтың
баспалдағы болады.
Шәйх Сағди «Гүлістан» кітабында кәміл мүршидтің бұл
ісін мына хикая арқылы түсіндіреді:
Бір күні моншада достардың бірі маған хош иісті бір
тазартқыш топырақ берді. Топырақтан:
«Е, мүбәрәк, сен жүпарсың ба, әтірсің бе? Сенің көңілді
тартарлық хош иісіңе мас болдым» - деп сұрадым.
Топырақ маған былай деп, жауап берді:
«Мен бір гүлдің топырағымын. Ол гүлдің жапырақтары
таңғы шықтарға толып, менің үстіме жылап, тамшылай-
тын. Мен осы жасқа үн сияқты иленуші едім. Мен негізінде
қарапайым бір топырақпын... Бұл иіс сонікі».
Аллаһ Тағала әлемді адам үшін жаратты. Қүрлықта,
теңізде және әуедегі барлық нәрсені адамның әміріне
үсынған. Осының есесіне таулар мен көктер көтере алмай-
тын иләһи аманатты адам мойнына алды.
Адам өзі мен әлемге ғибрат назарымен қараған кезде,
дүние өмірін қалай өткізетіндігін ойлауға міндетті. Нақты
өмір сүруі қажет әрбір адамды өмірде ең көп мазалайтын
шындық «өлім» оқиғасы. Ол айбынды қоштасу адам үшін
қандай үлкен ғибрат керінісі. «Өлім» - дүние емірінде тек
ет пен сүйектен құралған топырақ болмысын, яғни нәпсісін
жетілдіріп, рухани болмысын әлсіреткендер үшін қандай
өкінішті нәтиже!
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүние
өмірін танымдайтын бір хадис шәрифінде: