Previous Page  174 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 174 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 175 -

Хазіреті Иса (аләйһиссәләм):

«Ақымақгық - Аллаһтың қарғысына ұшыраған ауру.

Басқалары болса, соқырлық сияқты Аллаһтың қаһарына

ұшырамаған бәлекеттер. Бәлекеттер де аурудың бір

түрі, бірақ, тек тап болған адамға ғана жанымыз ашиды.

Ақымақтыққа келер болсақ, бұл да бір ауру, бірақ көбінесе,

басқаларды жаралап, басқасына зиян тигізеді».

Хазіреті Мәуләнә былай дейді:

«Пайғамбарлардыңдемдөрі тасқада әсер етеді. Олардың

сөздеріне таулар да бас иеді. Бірақ, ақымақ адамға олар

шашқан хикмет маржанының бір данасы да тимейді!»

«Ақымақтық - Аллаһтың бір мөрі. Оған ешкім шара

таба алмайды».

«Таң самалы ақымақтығы себебінен Сәбәлықтарға өлім

желі болған жоқ па?»

«Ақымақ адам зерек болса да, онда жақсылық пен

жамандықты, дурыс пен бурысты ажырататын қасиет

болмағандықган, ақымақ болып саналады».

"Ей, дәруіш! Абайла, мұндай адамдардан киіктің ары-

станнан қашқаны сияқты қаш! Олармен бір жерде болма!»

Ақымақтардың жағдайы Хазіреті Мәуләнә айтқан мына

төмендегі хикаядағы қараңғыда пілді көрмек болғандардың

жағдайына ұқсайды:

Үнділер халыққа көрсету үшін қораға бір піл қояды.

Пілді көрмек болған көп адамдар дереу қораға кіріп, пілді

көруге тырысты. Бірақ тас қараңғы қорада ешкім ештеңе

көре алмағандықтан әрбірі пілдің әр жағын ұстап көріп,

оның қандай нәрсе екендігін түсінуге тырысты.

Тұмсығын ұстағандар: «Піл жұмыр мұржаға ұқсайды!»

Құлағын ұстағандар: «Жоқ, қалың желкен сияқты!»

Аяғына қолы тигендер: «Жо-жоқ, ғажайып тіреуге

ұқсайды!» Арқасын ұстағандар болса:

«Бәрің қателесесіңдер, ол үстінде отыруға болатын кең

бір тақ сияқты!» - десті.