- 174 -
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Иса (аләйһиссәләм):
«Иә, менмін» - деп жауап береді.
Әлгі адам:
«Рухани сырларға ие, сол себепті «Рухұллаһ» сипаты-
на ие болған рухани түлға сен емессің бе? Сен, өлген біре-
уге дұға оқығаныңда, ол адам жем тапқан арыстан сияқты
қабірінен атып тұратын!» - деді.
Хазіреті Иса (аләйһиссәләм): «Иә, өліге оқитын менмін»
- деді. Ол адам қайтадан:
«Ей, көркем бейнелі Иса! Балшықтан құс жасап
ұшыратын сен емессің бе?» - деп, сұрайды.
Хазіреті Иса (аләйһиссәләм):
«Иә,» - дейді.
Сонда адам:
«Ей, пәк Рух! Қалаған нәрсеңді істей аласың, сөйте тұра
кімнен қашасың? - деп сұрады.
Иса (аләйһиссәләм):
«Алдымен Рухты, кейін тәнді жаратқан Аллаһ
Тағаламен және оның сипаттарымен ант етемін, ол
дұғаны яғни Исми Ағзамды саңырау мен соқырға оқыдым,
олар жақсарды. Және сол дуғаны тау-таскд оқыдым,
ортадан жарылды, өлген денеге оқыдым, тірілді, ештеме-
сі жоқ пақырға оқыдым, бай болды. Бірақ, сол дуғаны бір
ақымақгың жүрегіне мейірім және мархабатпен мындаған
рет оқысам да пайдасы тимеді. Ол ақымақ қатты тас
сияқты болып; бірақ, сондада ақымақтығынан баз кешпе-
ді. Тастақ қум болды, оған шөп те шықпады!»
- деді.
Бұл сөздерді естіген адам одан бетер таңданып, Хазіреті
Исадан:
«Исми Ағзам» осыншама нәрселерге әсер етіп, шипа
бола тұра не үшін ақымақтыққа әсер ете алмады? Әйтпесе,
басқалары да ауру, оларға шипа болып, бұған болмауының
хикметінің себебі не болуы мүмкін?» - деп сұрады.