Previous Page  175 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 175 / 282 Next Page
Page Background

- 176 -

Хикмет

баспа үйі

Алайда, піл бәрінің айтқанындай емес еді. Ол ақымақтар

«Таласты қойып, пілді жарыққа шығарып көрейік!» деген-

ге ақылдары жетпеді. Осылайша нақты дұрыс мәліметке

жете алмады.

Құран Кәрімде ақымақтық екі түрде керсетіледі. Бірін-

ші топ - кәпірлер мен мүшриктер, Аллаһ Тағала бұлар жай-

лы былай дейді:

«Өйткені, олар саңырау, соқыр әрі мылқау. Сондықтан

ойланып та, түсіне де алмайды»

. (Бақара, 171).

Әбу Жәһил, Әбу Ләһәб, Уәлид бин Мұғира және сол

сияқты адамдар жүректеріне мөр басылып, саңырау, соқыр

әрі мылқау болғандықтан һидайәтқа қол жеткізе алмады.

Сондықтан олар:

«Біз саған сенсек, Құрайыштың әйелдері бізді айып-

тайды!» немесе «Пайғамбарлық бізге келуі керек еді.

Өйткені, біздің мал-мүлкіміз бен балаларымыз көбірек!»

- деп, ақылға сыймайтын қисынсыз нәрселерді айтқан еді.

Тіпті, Расулұллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хақ

пайғамбар екендігін ете жақсы біле түра, ақымақтықтары

себебінен қырсығып, жоққа шығарды.

Және сол сияқты бос және таяз ақылмен ой-пікірле-

рін алға тартқан философтар бір-бірін жоққа шығарса,

пайғамбарлар уахи мен иләһи қолдауға ие болғандықтан

үнемі бір-бірін мақұлдап отырған.

Құран Кәрімде айтылған екінші топтағы ақымақтарға

келер болсақ, бұлар өздерін ақылдымыз деп, санайтындар!

Дүниеуи қалаулары мен тілектері оларды ғапылдыққа жете-

легендіктен, ақиқат оларға перделеніп қалған. Мұндай адам-

дар бір бәлекетке ұшыраған кезде ғана жартылай оянады.

Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) ақымақтық жайлы

былай дейді:

«Ақымақтардан қаш, Иса (аләйһиссәләм) олардан