Previous Page  181 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 181 / 282 Next Page
Page Background

- 182 -

Хикмет

баспа үйі

Нағыз ақылдылық иләһи әмірге мойынсұну, міне бұл -

орынды бір болашақ қайғысы. Сонымен қатар мәңгілікке

шынайы әзірленудің шарты. Сондай-ақ Құран Кәрімде

Аллаһ Тағала ақыл туралы былай дейді:

«Ей ақыл иелері, менен қорқыңдар!»

(Бақара, 197)

«Тек ақыл иелері ғана ойланып, ғибрат алады»

. (Бақара,

269)

«Тек ақыл иелері ғана түсінеді»

. (Рағд, 19)

Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір

адамды көп мақтаған кезде Пайғамбарымыз (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) үш рет: «Ақылы қалай?» деп сұраған.

Тағы бір хадисінде де:

«Ақылды адам - нәпсінің әуесқойлығына ермей, өлімнен

кейінгіге әзірленген адам».

(Тирмизи, Қиямет; 5) деген.

Хақ Тағала Хазіреті ақыл иелеріне кезін ашатын

көріністер мен ғибратты оқиғалардан сабақ алуды үгіттейді.

Дүниенің қасірет пен алдану жұрты, өмір болса - құндақ (бе-

сік) пен табыт арасындағы тар бір дәліз екендігін баяндай-

ды. Сонымен бірге фәни өмірге құлшылықпен бағыт беруді

және қалай өмір сүрсе де, дүниеде соңғы аялдаманың қабір

болатындығын ескертеді.

Ақыл - билігі Құран Кәрімнің мағынасы арқылы шек-

телген иләһи нығмет. Билігі мен шамасы Құран Кәрім

арқылы шектелмеген ақыл болса, ол иесін ақымақтық пен

азғындыққа жетелейді. Тарихта өзін ақылды санап нәпсісін

пұтқа айналдырған, дүние үшін ақиретті ұмытқан залым,

қиянатшыл және ақымақтар өте көп. Сондықтан шынайы

ақылдылық - Аллаһ берген қабілеттерді құлдық орнымен

Құран мен сүннетке сай түрде қолдану болып табылады.

Ғаззали Хазіреті былай дейді:

«Ақылды созғаным соншалық - үзіліп кете жаздады...

Бірақ оныңда шектеулі екендігін, өз бетінше соңына дейін

жете алмайтындығын көрдім. Тіпті, бір кезде ақылымнан

алжасып қала жаздадым. Міне, сол кезде Хазіреті