Previous Page  183 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 183 / 282 Next Page
Page Background

- 184 -

Хикмет

баспа үйі

Винчи, II Бәязидке хат жазып Стамбұлдағы мешіттер мен

басқа да ғимараттардың жоспарын өзі жасауды ұсынған

кезде, Бұл хатқа барлық сарайдағылар қуанды. Нәзік әрі

терең тасаввуф түсінігіне ие II Бәязид болса, бұл ұсынысты

қабыл алмай, былай деді:

«Егер бұл ұсынысты қабыл алатын болсақ елімізде шір-

кеу сәулеті басым болып, Ислами сәулетіміз дамымайды

да өзіндік тұлғасы болмай қалады».

Бұл көзқарас - ақылды, парасатты және кеңіл иесі

мұсылманның ұстанымы. Сірә, II Бәязидтан кейін Ис-

лам шекарасы қаншалықты жиырма миллион шаршы

шақырымға жеткен болса, Ислам сәулеті де соншалықты

шыңға өрлеген. Осы түсініктің арқасында Ислам рухы

сәулетке дарып, қияметке дейін құнын жоғалтпайтын Су-

леймания және осыған ұқсас дара өнер туындылары керініс

тапқан.

Османлы мемлекеті тарихқа абырой мен мән-мағына

беретін, рухани-материалдық тұрғыдан адамзатқа бағдар

көрсеткен дара түлғалар арқылы 620 жылдық ұзақ уақыт

өмір сүрген. Өйткені, Османлыда Ислам мен Ислам

мемлекетінің жапғасуы үшін тұлғаларды тәрбиелеу - ең

басты міндет еді. Жеңіске үнемі түсінігі мол дана адамдар

арқылы жеткен еді.

Дәл сол сияқты Явуз Сұлтан Сәлім ақыл мен жүрек

күшіншегіне дейінқолдану арқылы, сол кездері өтіпшығуы

мүмкін емес сияқты көрінген Сина шөлін Аллаһ Тағаланың

жәрдемі, Расулүллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ру-

ханиятымен өтіп, Мысырды жеңіп алған.

Жеңіс кезінде ең жақын досы Синан Паша шейіт

болғанда, одан айырылуды Мысырдың жеңісіне тең санап,

қайғырып:

«Мысырды алдық, бірақ, Синан Пашадан айырылдық!»

- деген болатын.

Жеңістен кейін ақылды әрі күшті қолбасшы Явуз: