- 190 -
Хикмет
баспа үйі
Иләһи махаббат пен ақиреттік ләззаттардан мақрұм бо-
лып, әр түрлі ойын-сауықпен, хайуандықпен өткен дүние
күнінің қайырлы өлім кеші болмасы белгілі. Бұл қараңғы
түннің бақытты таңы атпасы да хақ. Иләһи ғибрат сахна-
лары мен оқиғалардың алдында көз жұму, мақсатсыз өмір
өткізу, өлімнің беймәлім қасіреттерінің ішінде жоқ болу
- адамдық атақ-абыройға жат нәрсе! Нәпсіге тән дүние
емірінің әшекейлері - жағымсыз нәтиже, қуаныштары бол-
са жәһәннам тарсылдарына толы.
Хадис шәрифте:
«Өліктермен отырушы болмаңдар!»
- делінеді.
Сахабалар:
«Ей, Аллаһтың Расулы! Өліктер кімдер?» - деп сұрайды.
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Өліктер - дүниеге құмар адамдар»
- дейді.
Егер адам өліктерден айырмашылығы жоқ ғапылдармен
бірге болса, олардағы өлім зәһәрін байыбына бармай-ақ
ішіп қояды. Осы әсерден оның жүрегі де өлі жүректердің
қатарына қосылады.
Бір ғана шара рухани тірілермен бірге болу. Олардан
алыс болған кезде жұқа да терең мағыналарына көңіл бөліп,
Құран Кәрім оқу.
Хадис шәрифте:
«Аллаһпен (жәллә жәләлуһу) сөйлескісі келген адам
Құран Кәрімді оқысын!»
- делінеді.
Құран Кәрімнің бағытымен жүрген адам Құран мен
Аллаһ Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ахлағын
бойына сіңіреді.
Құран Кәрімдегі пайғамбар қиссаларымен байланыста
болып, мәлімет алады. Сол руханияттан оның көңіліне фәйз
жаңбырлары жауады.
Бір риуаятта Хазіреті Жәбир (радиаллаһу анһу) былай
дейді: