Previous Page  195 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 195 / 282 Next Page
Page Background

- 196 -

Хикмет

баспа үйі

Міне, осыруханипәкхалдердентиесілі үлесіналғанадам-

дар, қандайжағдайда болмасын,Аллаһпенбірге болады. Бұл

мәртебеде: «Мен оның көретін көзі, еститін құлағымын!»

құдси хадисінің шынайы мағынасы көрініс табады. Бұл

мәртебе - Құран Кәрімдегі:

«Атқан кезде сен атқан жоқсың,

Аллаһ атты»

(Әнфал, 17) аят кәримәсында баяндалған

мәртебе. Ең үлкен ерекшелігі Мұхаммеди мәртебе бо-

луы. Бұл үмметтің кәміл әулиелері. Хазіреті Мүхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайғамбарымызға деген

махаббатының күшіне қарай бұл халден көрініс несібесін

алады. Тіпті осы мәртебеге жете алмаса да, ықыластарының

дәрежесіне қарай бір мәртебеге қол жеткізеді.

Бұл мәртебеге жеткендер:

«Мен мен емеспін. Бұл дем соныкі!» - деген адамдар.

Сондықтан, олардың әрбір «мен» дег н сөзі салыстыр-

малы айтылған сөз. Өйткені, олар «мендіктен» ажыраған.

Әсрар Дәдә мұны тамаша баяндайды:

Мен мен дегенім, мен дегенім - Сенсің, Жаным дегенім,

тән дегенімнің бәрі - Сенсің.

Сондай-ақ басқа бір шайыр «мендіктің» адам үшін перде

екендігін, одан құтылу қажеттілігін былай баяндайды:

Мен бұл жолды осылай таптым,

«Мендік» маған перде екен.

Оқыдым, түсіндім, білдім,

«Мендік» маған перде екен.

Қалайша бидай дәні ақыры нан болып пісіп бір тіршілік

иесінің бойына кіріп, кірген тіршілік иесінің бір бөлшегі бо-

латын болса;

Қалайша бір сүрме тасы үгітіліп ұсатылып, көзге

жағылған кезде, оның тастық қасиеті жойылып, көзге жа-

нар болып, көзге күш беретін болса;

Қалайша бір өзен көлге қауышқан кезде, оның езендік

қасиеті бітіп, көлге айналып, көлдің бір бөлігі болатын болса;