Previous Page  199 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 199 / 282 Next Page
Page Background

- 200 -

Хикмет

баспа үйі

Сондықтан бұл мәселені түсінбегендіктен Кәлимұллаһ

Хазіреті Мұсаның иршадына қарамастан нәпсісіне ер-

ген Қарунның ақыры өте аянышты болған. Оның ақыры

- ақылы мен түсінігі бар адам үшін ғибратты бір ескерту.

Сондықтан бұл мәселеде, яғни әртүрлі халде иршад пен

сынақта, ең дүрысы Хақ Тағалаға мойынсүну. Бұл да Ха-

зіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген

шынайы махаббат және бір кәміл мүршидке шын көңілмен

байлану арқылы болады. Хазіреті Мәуләнә:

«Өзінен(барлықнәпсініңқұмарлықтарынан)құтылып,

кәміл мүршидтің көңілімен бірге болған адамдар қандай

бақытты!»

- дейді.

Адамның ар-ожданы да тәнге байланысты өмір жолын-

да емес, мәңгілік әлемде мәртебесіне жететін махаббат пен

ғашықтық жолында болуды ескертеді.

Құран Кәрім махаббаты шөлдеген көңілімізге береке-

лі көктем жаңбыры сияқты жаумайынша, Мұхаммеди

маусымның әсемдігіне қауыша алмаймыз.

Көңіл бақшалары жаңбырға ғашық топырақ сияқты

салих амал жаңбырын күтеді. Өйткені, осы жаңбырлар

арқылыЖаратушысы үшін жаратылғандарға мейірім, мар-

хабат, хикмет пен махаббаттың көшеттері көгереді. Адам

әлем кітабының мазмұны, жаратылыстың ең шарапатына

айналады. Раббтың көретін көзі, еститін құлағы болады.

Қолынан, тілінен және көңілінен үммет пайда кереді.

Мәснәуидегі Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) қиссасы

осы халді тамаша суреттейді.

Рим елшісі Мәдинаға бір саяси кездесу үшін келеді. Хазі-

реті Омардың сарайын сұрайды. Сұраған адамдары оған:

«Халифаның аты әмірші жәнө халифа деп барлық әлемге

жайылса да оның дүниелік сарайы жоқ. Әсем көңіл сарайы

ғана бар. Оның дүниеге тиесілі жалғыз ғана пақырлар мен

ғаріптер түратын бір баспанасы бар. Бірақ сенің көзің

оның рухани сарайын көрмейді!»

- дейді.