Хикмет
баспа үйі
- 201 -
Бұл айтылғандарға Рим елшісі таң қалады. Жүгін, атын,
сый-сияпатын тастап, Хазіреті ОмарФаруқты іздеуге кірісе-
ді. Халифаны барлық жақтан сұрайды. Өз-өзіне таңданып:
«Демек, дүниеде осындай патша да бар болды ғой, бір рух
сияқты, айналасындағы назарлардан жасырын қалады!»
- деп күбірледі. Халифаға тағзым ету үшін Оны іздеуін
тоқтатпады.
Бір араб әйел:
«Әне, сен іздеп жүрген Халифа мына құрма ағашының
астында! Барлық адам төсектерінде жатса, Ол, керісін-
ше, қумның үстінде жатады! Барып, құрма ағашының
көлеңкесінде жатқан Хақтың көлеңкесін көр!»
- дейді.
Ұйықтап жатқан Хазіреті Омардан елшіге айбын мен ру-
хына хош бірхал келеді. Елші махаббат пен айбарлық, бір-
біріне кереғар қасиет бола тұра, бұл қайшы қасиеттердің өз
рухында қалай бірлескеніне таң қалады. Өзіне-өзі:
«Мен императорды көріп, олардың алдында қажыр
жинаған адаммын! Олардан ешқандай айбын көрмесем де,
Бұл кісінің айбаты мен махаббаты таң қалдырды».
«Бұл халифа қарусыз, қорғансыз жерде үйықгап жатыр.
Мен болсам оның алдында бар тәніммен дірілдеп түрмын!
Бұл не жағдай? Бұл не болғаны! Демек, Бұл Хақтың айбы-
ны. Мына шекпен киген адамдікі де емес!»
- дейді.
Рим елшісінің көңілі осылайша толқып тұрғанда, Хазі-
реті Омар (радиаллаһу анһу) ұйқысынан оянады. Рим елшісі
Хазіреті Омарға тағзым етіп, сәлем береді. Халифа сәлемін
алады. Одан кейін жүрегі толқыған елшіні жан сарайына
апады, жанын жайбарақат етеді. Қиналған көңілін басады.
Оған жылы, сырлы, терең сөздерді айтады.
Елші хал мен мәртебеге куә болады.
Хазіреті Омарға жат болып келген елші, жарға (дос) ай-
налады. Осы сұхбаттан шабыттанып, есінен танады. Есінде
елшілік те, хабар алмасу да қалмайды.
Ондағы осы халді сезген Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу)
басқаша бір ынтамен сұхбатын жалғастыра береді. Жанның