- 206 -
Хикмет
баспа үйі
Түске қарай Хазіреті Сүлеймен кеңесті жинап келгендер-
мен кезіге бастайды. Бір қараса, Әзірейіл (аләйһиссәләм) де
топтың ішіне кіріп, кеңестің қатарында отырады. Дереу
қасына шақырып:
«Ей, Әзірейіл! Бүгін таңертең әлгі адамға неге қырын
қарадың? Ол бейшараны неге қорқытып, үй-ішінен айы-
рып, әуреге түсірдің?» - дейді. Әзірейіл (аләйһиссәләм):
«Ей, дүниенің ұлы сұлтаны! Мен ол адамға ашуланып
қырын қарағам жоқ. Таңданып қарадым. Ол қате түсінді.
Күмәнданды. Оны осы жерде көргенде таң қалдым. Өйткені
Аллаһ (жәллә жәләлуһу) маған:
«Қане, бар, бүгін кешке сол адамның жанын Үндістанда
ал!» - деп бұйырған еді» - деп жауап береді.
«Бірақ мен бұл адамның жүз қанаты болса да бүгін
ақшамда Үндістанда бола алмайды. Бұл не болды деп, таң
қалдым. Міне оған қарағанымның себебі осы еді» - дейді.
МӘСНӘУИ:
«Кімнен қашып барамыз? Өзімізден бе? Бұл қияли нәрсе.
Кімнен қашып құтыламыз? Аллаһтан ба? Қандай бос
қиял? Қандай керемет азғындық!»
«Дүние - ақша, пұл, әйел, киім-кешек, сауда-саттык,
емес, Аллаһтан ғапыл болу екендігін біл».
Сондықтанжәннатқалауыменжәһәннамқорқынышыда,
адамды шектен тыс мазалап, мақсатына айналып Аллаһтан
ғапыл қалатындай дәрежеге жетсе, олар да бір қарағанда
дүние болып саналады. Осы рухани қауіп себебінен Юнус
Әмре Хазіреті Аллаһ Тағалаға былай мінәжат етеді:
Жәннат, жәннат деп жүргендері,
Бірнеше сарай мен бірнеше хор қызы,
Қалаған адамға бер оларды,
Маған сен керексің, сен!
Баршылыққа да қуанбаймын,
Жоқшылыққа да күйзелмеймін,