Хикмет
баспа үйі
- 209 -
Расында да дүние ақирет шексіздігінің қасында бесік
емей не?
Бұл
өркендеу
бесігінің
жағымсыздықтары
мен
оғаштықтарының ішінде тербеліп, иман кемелдігіне қол
жеткізе алмай, дүниенің тартымдылықтарына түншығып,
жаратылыс сырынан бейхабар қалғандарға нендей өкініш!
Бұл ғапылдықтың ең айқын көрінісін Меккенің бейшара
Қүрайш надандарынан көреміз.
Хазіреті Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) өздері сияқты ет пен сүйектен жаралған адам деп
көріп:
«Қарасаңдаршы!Жетімәрі сауатсыз! Біз сияқтыүлкендер
мен абыройлылар түрғанда ортаға шығады. Көктерден езіне
хабар келгендігін, өлгеннен соң қайтадан тірілетінімізді ай-
тады. Бұл қандай орынсыз нәрсе!» - деп, өсек-аяң шығарды.
Немере ағасының езі:
«Мен барлық нәрсені білемін, бірақ Құрайштың әйелдері
мені айы птайды» - деді.
Жоқ! Ұйықтап жатқандар ұйқыдағы адамдардан не
нәрсе алуы мүмкін? Ғапыл адамдардың дүниесі балалардың
көздерін байлап ойнаған «соқыртеке» ойыны емей не?
Ақиқатты көрмейтін жүректер пайғамбарлар мен
әулиелердің өздеріне созған қолын, нәпсісіне және қияли
құмарлықтарына қайшы келгендіктен жоққа шығарып,
қалыс қалған. Өлімнен алыс бір қиял дүниесін орнатуға
тырысқан.
Шыбындардың сарқынды үстінде ұшып қоректенгені
сияқты қараңғылыққа толы дүниелерінде азғындықтарын
бақыттылық деп санап, тірі өлік ретінде тәндерін арқалап
өмір сүріп, ақыры өледі. Арқасы топыраққа тимеген
күштілер мен тойымсыздар жермен-жексен болады.
Дүниенің ойыншықтарынан құтылып, көңіл атмосфе-
расына кіргендер үшін өлім шынайы өмірдің туатын сәті.
Өлім көлеңкелер әлемінен негізгі әлемге көшу.