- 208 -
Хикмет
баспа үйі
Аллаһ Тағала Нәбә сүресінің 6 аят кәримәсында былай
дейді:
دًا
�َ�ِ�َ
َرْض
�ْ
ِا
�َ�ْ�َ�ْ �َ�َ
ا
«Біз жер бетін бір бесік етіп жасамадық па?»
Жер бетінің белгілі бір сатылардан кейін нақты
материалдық-рухани бесікке айналуы қандай керемет
көрініс!
Адамзатты біразуақыт рахаттық әлемінде тербетіп, со-
сын мәңгілікке қарай ұйықтататын дүние - әрі фәни, әрі
бақи әлемнің бесігі.
Дүние бесігі үсті бір жағынан бұлттың кешкі және
таңғы реңі, үйлесімділігі, атмосферасы және көркемдігімен
көмкерілсе,
екінші
жағынан
қайғы-қасіретімен
көмкерілген.
Фәни болуы хикметтерін түсінген немесе түсінбеген
мәңгілік ұлылықты сезінген немесе сезіне алмаған барлық
адам, соңында ақиреттің бесігі болған қабірге түседі.
Ақыры барлық адам дүние және қабір естеліктерімен
махшар таңында оятылады.
Олай болса, дүние өмірімен, өлімімен тура бір ақирет бе-
сігі ретінде жабдықталған. Шайыр қандай тамаша айтқан:
Сені анаң туған күні дүниеге жыладың,
Барлық әлем күліп жатты бір жақта.
Енді сондай бір өмір сүр өлгенде күлетін,
Дүние достары көз жасын төксін!
Расындаадамтәнтүрғысынаналдыменбіртабиғат белше-
гі ретінде топырақта, аз уақыт әкенің белінде, сосын ананың
құрсағындажәне қолында, аз уақыт әке-шешеніңжүрегінде
бір өмір бойы тербетіледі. Дүние бесігінен қабір бесігіне ау-
ыстырылып, қиямет пен ақирет сапарына жөнелтіледі.
Бүкіл дүние үзақ жылдар қыз балалардың ойыншық
бөбектерін ойыншық бесікте тербетіп, әлдилегені сияқты
адам баласын тағдырдың желіне қарай тербетеді.