Previous Page  210 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 210 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 211 -

тұрады. Адам баласының тежегіші істен шыққан машина

сияқты зырлаған емір күнтізбесіне, ажал дауылына, күздің

солғындығынан қалыс қалып, Бұл әлемде көзі шаранасы-

нан шыққан ескерткіш сияқты қақиған күйде тамашалауы,

фәни құмарлықтар үшін темір есіктерді үруы, құшағына

кіретін топырақ тәлкегінен қорқып, қашуы, қарапайым бір

зат үшін өмір сүруі, адамдық қасиетімен қаншалықты бай-

ланысады!

Әлем кітабының мазмұны, беташары және барлық

есімдердің көрінісі болған адамның осы жүйедегі орны

- рухани қоректермен қоректеніп, жаратылыстың үлкен

нұсқасы және кәміл бір өзегі болу емес пе?

Өмір базарының ең негізгі киімі кебін - барлық фани сау-

да-саттықтың біткен жері емес пе?

Хақ Тағала былай дейді:

«Ей адамдар! Аллаһтыңуәдесі, әрине, хақ. Дүние өмірі

сендерді алдатып жүрмесін! Айлакер шайтан Аллаһқа

қарсы сендерді алдамасын!»

(Фатыр, 5)

Соңғы сөзді Хазіреті Мәуләнәға қалдырайық. Ол былай

дейді:

«Тәнді өсіріп, жетілдіруге кдрама, өйткені ол - соңында

топыраққа тапсырылатын бір қурбан. Сен көңіліңді же-

тілдіруге тырыс! Жоғарыларға жетіп, абыройға бөленетін

- сол».

«Тәніңе майлы, балды нәрселерді аз бер. Өйткені, тәнін

асыраған адам, нәпсінің қумарлықтарына салынып, ақыр

соңында аянышты халге түседі».

«Рухқа рухани қорек бер. Кәміл ой, нәзік түсінік пен

рухи қоректер үсын, баратын жеріне күш-қуатпен барсын!»

Ей, Раббымыз! Мына қысқа ғана әлемде бізді нәпсінің

құлы етпе! Қас қағым сәтке болса да бізді нәпсіміздің

қолына тастама! Ақиқат дариясында көңілімізді нүрыңа

толтырып, көкірегімізді кеңейте гөр, Аллаһым!

Әмин!