Previous Page  212 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 212 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 213 -

Өйткені, мақлұқаттың ішінде Аллаһтың барлық есімде-

рінен нәсіп алған бірден бір жаратылыс - адам! Сол себеп-

ті адамның бойында жақсылыққа да, жамандыққа да,

иманға да, күпірлікке де қабілеті мен бейімділігі бар.

Иман - Рабтың құлға жасаған ұсынысы. Әрбір құлдың

қабілеті мен айырмашылығы, иләһи сипаттың көрінісінің

басымдылығына қарай іске асады. Бейне бір бірнеше түсті

бояуды араластырып, бір түс шығарудағы шындық сияқты.

Басым түс нәтижеге ең көп әсер етеді. Қысқаша айтқанда,

Аллаһтың барлық сипаттары көрініс тапқандықтан адам

- әлемнің кішірейтілген түрі, сондықтан ол кішкене әлем

деп аталған. Оның ет пен сүйектен тұратын бойында

иләһи көріністердің сырлары, нұрлары мен ақиқаттары

жинақталған. Ол - осы қасиеттердің мекені және

жаратылыстың ғажайыбы, әлем кітабының мазмұны мен

беташары.

Аллаһ Тағала - Жәмиүл эздад яғни оның бойында

қарама-қайшылықтар біріккен. Біз де заттар, оқиғалар

мен құбылыстарды тек қайшылықтары арқылы түсінеміз.

Жақсылықты білу үшін жамандықты, әдемілікті білу үшін

жаманды, дұрысты білу үшін бұрыстыжәне иманға қауышу

үшін күпірлікті білуіміз керек. Бұл құндылықтардың

барлығы қайшылықтар арқылы түсініледі.

Барлық адамдардың иман мен күпір жағдайы Аллаһтың

«һәди»

(һидайәт беруші) және

«Мұдилл»

(адасушылыққа

жетелеуші) сипаттарының арасында болады. Бірақ,

нәтижесі иләһи сипаттың көрінісінің басымдылығына бай-

ланысты болғандықтан тұлғалық, басым көрініске қарай

қалыптасады. Басқа сипаттардың көрінісі де осы сияқты.

Пайғамбарлар

мен

әулиелердің

арасындағы

айырмашылықтар да бөлек-бөлек керініс тапқан иләһи

сипаттардың сырларына байланысты.

Тәухид сенімінен тыс мәселелерде пайғамбарлардың

қабілеттері мен міндеттері бірдей емес. Мәселең Хазіре-