- 218 -
Хикмет
баспа үйі
а
Хазіреті Мәуләнә жаратылыс хикметінің әр түрлі болу-
ын Хазіреті Мұсаның мына бір қиссасымен баяндайды:
«Ей, жаратылыс әлемінің патшасы! Неліктен әлемді
және адамды материалдық рухани мыңдаған өрнектермен
реттеп, безендіріп, сосын жермен - жексен етесің?»
Аллаһ Тағала айтты:
«Ей, Мұса, әрине, сен бұларды ғапылдықпен, әуестікпен
емес біздің тәртібіміз бен сырларымыздың хикметін
түсіну үшін сұрап турсың. Әйтпесе, мүныңцы үнатпай,
сені азаптап саған ашуланар едім».
«Ей, Мұса, сен ол хикметті білесің. Тек халыққа мүның
сырын түсіндіріп, жүректерін қанағаттандыру үшін
сұрайсың».
«Ей, Мұса, гүл мен тікен, топырақ пен судан өсетіні
сияқты, адасушылық пен һидайәт та жүректён шығады».
«Дұшпандық пен махаббат жақындықтан; ауру мен
денсаулық бір тамақтан туындайды».
Аллаһ Тағала артынан былай деді:
«Ей, ақыл иесі Мұса! Әйтеуір сұраған екенсің, келіп жа-
уабын тыңдап хикметін біл!»
«Ей, Мұса! Топыраққа бірдән егіп, сұраған сұрағыңның
сырын біл!»
Мұса егін екті, егіні пісті. Оларды орды. Сол көзде
құлағына баяу бір дауыс естілді:
«Ей, Мұса, неге алдымен егіп, сосын піскен соң орасың?»
Мұса (аләйһиссәләм) айтты:
«Уа, Раббым, егінде әрідән, әрі сабан болғандықтан ор-
дым. Өйткені дән сабанның қамбасына лайық емес. Сабан
да бидай қамбасына зиянды. Бұл екеуін араластыру хик-
мет емес. Хикметі оларды електен өткізіп, айыру»
.
Аллаһ Тағала былай деді:
«Ей, Мұса, сен бұл ілімді кімнен үйреніп, сол арқылы осы-
лай істейсің?»