Хикмет
баспа үйі
- 221 -
ХАҚЖАРШЫСЫ
«Қайткенмен барлық нәрсенің жанының
жаны - Аллаһ, олай болса жанның жанына
дүшпан болудан қорық! Оның әмірлеріне
мойынсұн!»
Хазіреті Мәуләна
Аллаһтың қасиетті есімдерінің біреуі -
«әл-Хақ»
. Осы
иләһи сипаттың шарты бойынша шынайы әкімшілік пен
салтанат соған тән.
Хақтың осы салтанаты мен әкімшілігін қабылдамаган
адамдар, ақыры соңында Хақтың ауыр азабына душар бо-
лып, азғындыққа ауытқиды. Хаққа сиыну, хаққа сену, істе-
ген адам үшін абырой керісінше, нәпсіге жалтақтау болса
азғындық пен қасірет болып табылады.
Адам ең тамаша түрдежаратылғандықтан, иләһи бұйрық
бойынша барлық мақлұқтар соның әміріне берілген. Бұл
оған кейбір ерекше құқық беріп, абыройға ие еткен. Ол
Аллаһтың жер бетіндегі халифасы болуы себепті де, барлық
мақлұқтарға әділдікжәне мейіріммен қарауға міндетті. Тіп-
ті, қияметте хайуандар хақыларын алып-бергеннен кейін
оларға «топырақ болыңдар!» делінеді ал адам болса, аяққа
басқан хайуан хақына да қосымша жауап беретін болады.
ҚұранКәрімніңжартысынанастамы,өткенқауымдардың
өміріндегі болған ғибратты оқиғаларға толы. Тәухид
күресімен шаттыққа бөленгендер және керісінше күпірлік
пен қарсы шыққандардың өкінішті соңдары, ақыл иелеріне
ғибрат ретінде көрсетіледі.
Өлімнен кейінгі ғайыпқа байланысты ақиқаттарды
түсінбеген адам әлсіздік сезінген кезде, ғайыптың тілі