Хикмет
баспа үйі
- 225 -
«Ол өшпенділік теңізінің (Қызыл теңіз) Перғауынды
қалай жүтқанын, Қарунның жерге қалай батқанын!»
«Әбәбил құстарының піл әскеріне не істегенін, тәңірмін
деген Нәмрудтың басын кішкентай бір шыбынның қалай
жегенін!»
«Луттың азғын қауымының басына тастың қалай
жауғанын және олардың қандай қараңғы әрілас бір көдге
көмілгендігін білмейсің бе?»
«Дүниедегі жансыз саналған жаратылыстардың бей-
не бір ақылды адамдар сияқты пайғамбарларға қалай
көмектескендігін ұзақ баяндасам».
«Мәснәуи соншалықты үлкейіп, соншама ауқымды бо-
лар еді, қырық түйе оны көтере алмас еді».
«Егер көзіңе саған жапа шектіруге әмір берілсе, көзің се-
нен жүз түрлі өш алар еді».
«Егер тісіңе сені қинау үшін әмір берілсе, сен тісіңнен
қандай ауыр қиыншылықтар көрер едің».
«Медицина кітабын ашып, аурулар тақырыбын оқы!
Тән әскерінің не істегендігін көр!"
«Қайткенмен барлық нәрселердің жанының жаны
Аллаһ; олай болса жанның жанына душпан болудан қорық!
Оның әмірлеріне мойынсұн!»
Тарихтың ғибратқа толы парақтары, бейне бір
халықтардың қабірстаны сияқты.
Имансыздық, арсыздық және зұлымдық халықтардың
ең басты жойылу себептері болып саналады. Имансыз, за-
лым қауымдардың «өлім сәті» қандай қорқынышты азап
пен иләһи қаһар көріністері. Содан бері мың тоғыз жүз жыл
өтсе де қазіргі күні Помпей бейне бір азғын адамдардың
тасқа айналған ғибрат көріністерін бейнелеуде. Бейне бір
рухани хайуанға айналған адам бейнелері!
Бұл ғибрат көріністері олардың ақиқатын көре алмаған,
оқиғаларға нәпсілік сезіммен қараған түсінігі жоқ таяз
ақылдылар үшін қарапайым ескерткіш қана.