Previous Page  229 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 229 / 282 Next Page
Page Background

- 230 -

Хикмет

баспа үйі

Сол себепті пайғамбарлар міндеттерін атқару кезінде үлкен

тығырыққа тірелмейін-шеБұлжолғажүгінбейді... Олардың

ізбасарлары болған әулиелер де өздерінің шамалары мен

қабілеттеріне қарай сол қажеттілік бойынша кереметтер

көрсетеді. Бірақ, басты мәселе - кереметемес, истиқаметте

болу. Өйткені керемет - ғибадат емес.

Бұл турасында көптеген мысал беруге болады:

Хазіреті Мұсаға сенген қауымы сыпти, имансыз

Перғауын қауымы қыпти деп аталады. Перғауын мен қыпти

қауымының сыптиларға жасаған зұлымдықтары, олар

Қызыл теңізге тұншығып жоқ болғанға дейін жалғасқан.

Хазіреті Мұсаның бір мұғжизасы таяғымен Ніл өзенін

ұрып, Нілдің суы қыптиларға қан сияқты болғаны еді. Ніл

сыптилар қолданған кезде бұрынғы тұнықтығын сақтап;

қыптиларға қан болатын.

Мәуләнә (құддисә сирруһ), сыптилар мен қыптилардың

арасындағы осы рухани айырмашылықты былайша баян-

дайды:

Бір қыпти күйіп - жанып, бір сыптидың үйіне келеді.

Өзін аянышты көрсетіп:

«Мен сенің досың әрі туысқаныңмын. Қазір саған

қатты мұқтаж болып тұрмын».

«Өзіңе арнап Нілден бір аяқ су ал, бұл ескі досың сенің

қолыңнан су ішсін!»

«Өзің үшін толтырсаң, ол қан болмайды. Саф әрі

сиқырдан аулақ болады!»

- деп, көп жалбарынады.

Сыпти қыптидың мүғжизаны түсінуі үшін Нілден бір

аяқ су алады да аузына апарып жартысын ішеді. Аяқты

қыптиға ұсынып:

«Қане іш!» - дейді.

Қыпти қуанып басын созды, бірақ су қып-қызыл қан бо-

лады. Сонда сыпти аяқты өзіне тартты. Қан қайтадан тұнық

суға айналды. Қыпти ашуланып, ашуы басылғанша отыр-

ды. Сосын сыптиға қарап: