Хикмет
баспа үйі
- 229 -
АЛЛАҺТЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНАН
ТЫС НӘРСЕЛЕРДІҢ ХИКМЕТІ
«Ақыл иләһи тәрбие арқылы мүминдерге
жаңбырдай рахмет болады, бірақ иләһи
қаһарға, Рахманның шапалағына лайық
болғандарға тамшысы да тимейді!»
Хазіреті Мәуләнә
Адамды иманға міндетті етіп, оны осы мақсатта
дүниеге жіберген Аллаһ Тағала адам өмір сүріп жатқан
әлемді де әдетұллаһ деп аталатын кейбір иләһи заңдар мен
қағидаларға байлаған. Мәселен, Күннің шығып батуы; күн
мен түннің ауысуындағы жүйе т.б. иләһи жүйе бойынша
іске асатын осы сияқты жәйттер, ешқашан өзгермейді де
өзгертілмейді. Негізінде сиқырлық пен магнетизм сияқты
ерекше нәрселер де әдетұллаһ деген заңдардың кейбір
бөлімін қолданумен іске асады. Бұл әлемдегі үйлесімділік
әдетұллаһтың тұрақтылығына байланысты.
Санажәнетүсінікпенқамтылғанадамбаласының, текосы
мүмкіндіктер арқылы ақиқатқа жетуі мүмкін болғанымен,
кейде ғапылдыққа байланысты ақиқатқа жетуі қиын бола-
ды. Мүндай жағдайда адамзатты Хаққа шақыруға міндетті
пайғамбарлардың табысты болуы үшін Жаратушымыз өзі
белгілеген заңдармен түсіндірілмейтін көріністер көрсетеді.
Пайғамбарлардың мұғжиза түрінде көрсеткен ғажайып
істері, міне осы мәселенің нәтижесі. Бұл ақылы жетпеген
және теріс жолға түскендердің сылтау айту жолын жабу
үшін жасалады.
Адамның пікірінше, әдетұллаһқа жатпайтын мұндай
көріністер -Рабтың адамзатқа берген үлкен жәрдемі, сыйы.