- 232 -
Хикмет
баспа үйі
Сосын сыпти сәжде етіп Аллаһқа былай жалбарынды:
«Ей, анық және жасырын барлық нәрсені білетін Раб-
бым! Құл сенен басқа кімге алақан жаяды? Дұға сені-
кі, оны қабыл алуда сенің қолыңда. Әууәл (алғашқы) да
сенсің, ахир (соңғы) да сенсің! Біз ортада түк емеспіз. Ей,
көңілімізді дуғаға бейімдеуші! Дұғамызды қабыл алу сенің
мейіріміңнің арқасында ғана болады».
Сыпти осылайша шын көңілімен Аллаһ Тағалаға жал-
барынып жатқанда, қыптидың көңілінде бірден екініш үні
көтерілді. Көздерінен жас ақты. Дереу сыптидың қолына
жабысып:
«Қане,тез!Осыуақытқадейінөмірімді босқаөткізгенім
жетер! Маған иман бақшасына кіруге көмектес! Не ай-
татынымды, не істейтінімді айт! Ертерек осы күпірлік
қараңғылығынан құтылайын!
Өйткені, рухыма бір шоқ түсті. Мен сияқты ібіліске
періштелік жол ашылды. Сен сияқты қолымнан ұстап,
һидайәтқа апаратын досым бар мен қандай бақыттымын!
Сен гүлдері солмайтын, мәңгілік жәннат бақшасындағы
көшет сияқтысың, мені сол бақшаның ләззатына бөледің!
Мен су ішу үшін сенің өзеніңе келдім, сол жерде
ақикдттың теңізін таптым. Және сол теңізден көптеген
інжу-маржандарға қол жеткіздім»
- деді.
Сыпти бір аяқ су алып қыптиға ұсынды:
«Енді ішуіңе болады!»
- деді.
Бірақ қыпти суға қараған да жоқ. Былай деді:
«Мен «Аллаһ мүминдердің жанын сатып алды» сыры-
нан бір шәрбәт іштім, соның фәйізімен махшарға дейін мен
шөлдемейтін болдым. Өзендер мен бұлақтарға су берген
Аллаһ, менің көңілімнен бір бұлақ ағызды, сөйтіп, күйіп-
жанған ішім су ішуден баз кешті. Содан бір рухани су іштім,
оның дәмі дүниенің суларында жоқ. Мен Нілден су ішу үшін
иман есігіне келген едім, бірақ иман нүрының иесіАллаһ сый-
сияпатына бөлеп, мені рухани Нілге айналдырды».