Previous Page  236 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 236 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 237 -

ие болады. Жансыздар әміріне беріледі. Өзіндегі жасы-

рын иләһи көріністердің сырлары, заттың ақиқаты оған

аян болады. Керісінше, ғапылдыққа салынып, дүниенің

өткінші ләззаттарына алданатын болса, мәңгілік өкініш

пен алданышқа тап болады.

МұхиддинАраби(құдцисәсирруһ)Құранақиқаттарының

түбіне тек жүрек көрегендігімен жетуге болатындығын ай-

тады.

Аллаһтың барлық есімдері ықыласты ауыз және

жүрекпен зікір етілгенде исми ағзам болады.

Риуаятта Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) бір ағаштың

астында отырған кезде бір пақыр келіп, қажетін айтады.

Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) жерден біруыс құм алып,

оқиды. Пақырға береді. Пақыр құмның ұсақ алтынға

айналғанын көрген кезде қуанып, былай деп жалынады:

«Уа, мүминдердің әміршісі, өтінем, Аллаһ үшін маған не

оқығаныңды үйрет!» - дейді.

ХазіретіӘли(радиаллаһуанһу),Фатихасүресіноқығанын

айтқан кезде пақыр жерден бір уыс құм алып, оқиды. Еште-

ме өзгермейді. Таң қалып, Хазіреті Әлиден:

«Бұл не нәрсе? Не құпиясы бар?» - деп сұрайды. Хазіреті

Әли (радиаллаһу анһу):

«Екеуміз де Фатиха оқыдық. Бұл - ауыз бен жүректің

айырмашылығы!» - дейді.

Руханият материядан үстем болғандықтан, үнемі оған

әсер етеді. Чанаккале шайқасында ағылшын қолбасшысы

әрі тарихшы Хамилтон:

«Бізді түріктердің материялдық күші емес, рухани күші

жеңді. Олардың ататын зеңбірегі де қалмаған еді. Бірақ біз

көктен түскен күштерге куә болдық!» - деген.

Алдында айтқанымыз сияқты бүкіл әлем, иләһи ерік пен

иләһи тәртіпке бағынады. Құран Кәрімде: