- 242 -
Хикмет
баспа үйі
«Бір сопы шабыттанып, тәфәккүр ету үшін бір әсем
бақшаға кіреді. Бақшаның түрлі-түсті әсемдігіне тәнті
болады. Көзін жауып мұрақаба және тәфәккүрге (ойға) ба-
тады».
«Сол жердегі бір ғапыл адам сопыны ұйықтап отыр деп
ойлайды. Оның бұл халіне таң қалып, тынысы тарылып
сопыға: "Неге ұйықтап отырсың? Көзіңді ашып, жүзімнің
сабағын, шешек атқан ағаштарды, жасыл көгалдарды та-
машала! Аллаһтың рахмет әсеріне назар сал!» - дейді».
Сопы оған жауап ретінде былай дейді:
«Ей, әуесқой адам! Иләһи рахметтің ең үлкен туынды-
сы - көңіл. Одан басқасы осы үлкен туындының көлеңкесі
іспеттес».
«Ағаштардың арасынан бір өзен ағады. Оның мөлдір су-
ында екі жағадағы ағаштардың бейнесін көресің».
«Суға шағылысып көрінген қияли бір бау-бақша. Негіз-
гі бау-бақшалар көңілде. Өйткені көңіл - Аллаһтың назар
орны. Олардың әсем әрі пәк бейнелері су мен балшықтан
түратын дүние әлемінде».
«Егер бұл әлемдегілер көңіл әлеміндегі сол шаттық
рахатының шағылысы болмағанда, Аллаһ Тағала бұл қиял
әлемін алданыш орны деп атамас еді».
«Әли Имран сүресінің 185-аят кәримәсында:
«Әрбір тіршілік иесі өледі. Істегендеріңнің ақысы,
әлбетте, қиямет күні толықтай берілетін болады. Сол кез-
де кім оттан алыстатылып, жәннатқа кірсе, ол енді накты
мүратына жетеді. (Бұл) Дүние тіршілігі алдамшы дүниелік
қана» делінеді».
«Ғапыладамдардүниеніжәннатдепойлап,"Жәннәтосы!"
деп айтатындар осы өзеннің көлеңкесіне алданғандар».
«Нағыз бау-бақшалардан, яғни әулиелерден алыс
қалғандар сол қиялға сеніп, алданады».
«Бір күні осы ғапылдық ұйқысы аяқталады. Көздер ашы-
лады, ақиқат көрінеді. Бірақ, ақырғы демде ол көріністің
қандай пайдасы болар?"