Previous Page  247 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 247 / 282 Next Page
Page Background

- 248 -

Хикмет

баспа үйі

ТАСАВВУФ ПЕН ЛӘДҮН ІЛІМІ

«Парасаттылықтан нәсібі жоқ көптеген

ғалымдар бар. Ілімді жатқа білсе де, Аллаһқа

сүйікті бола алмаған!»

Хазіреті Мәуләнә

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Аллаһ

Тағаладан үш түрлі ілім ұққан.

Біріншісі - өзі мен Аллаһ Тағала арасында қалған. Бұл

ілім адамзат түсіне алмайтын болғандықтан адамдарға паш

етілмеген. Тек қана Аллаһ Расулына (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) тән болған. Жәбірейіл (аләйһиссәләм):

«Уа, Расулаллаһ! Мен сенің ақиқатыңды білсем, қасыңа

келе алмас едім» - деген.

Екінші ілім - жалпыға бірдей. Бұл - адамдардың түсінігі

мен шамасы жететіндей дәрежеде. Бүкіл адамзат осы топқа

жататын білімге иман және амал етуге міндетті. Мұның

екінші бір аты - шариғат.

Үшінші ілім - кейбір лайықты адамдарға тән, ол тасав-

вуф, зүһд, ихсан түсінігіне жету. Яғни Бұл ілім рухани

(жүрек) өмірмен байланысты. Сонымен қатар адамның Бұл

бапта қабілеті мен шамасына қарай жауапкершілігі бар. Құл

өзінің амандығыүшін осықабілеттіжетілдіругемәжбүр. Бұл

нәпсіні тазарту мен жүректі сафтандыру арқылы болады.

Сондай-ақ Құран Кәрімде:

«Шүбәсіз, нәпсісін тазартқандар құтылды».

(А'лә, 14;

Шәмс, 9)

«(Ей, пайғамбар!) Әуестігі мен әуесқойлығын тәңір ет-

кендерді (табынғандарды) көрдің бе? Енді сен оған өкіл

боласың ба?»

- (Фұрқан, 43) делінеді.