- 254 -
Хикмет
баспа үйі
табыстауға міндетті болатын. Яғни, ол көйлек бауырының
қолында түтқындаушының қолындағы құл сияқгы еді.
Түтқындаушының өзінікі емес, баскдсына тиесілі еді».
«Көптеген парасаттылықтан нәсіпсіз ғалымдар бар. Ілім-
ді жаттап алған, бірақ Аллаһқа сүйікті бола алмаған».
Өйткені көрегенділікке кітап-қалам арқылы қолжетпей-
ді. Ол тек кеңілін мағрифат нүрымеін нұрландырған құлға
беріледі. Осындай бір көңілге ие Юнус Әмрә Хазіреті бұл
ақиқатты қандай тамаша баяндайды:
Юнус Әмрәм болды пақыр,
Ажал желкесін тоқыр,
Көңіл кітабынан оқыр,
Қолына қалам алмады...
Осы ұлық мәртебеге жетпеген ғалымдарда, яғни ілімін
парасатты-лыққа айналдырмаған адамдарда, ілім нақыл
түрінде ғана болады. Олар сырттай білімдердің шеңберінен
шыға алмаған. Айналасы толған әулие болса, да пайдасы
жоқ. Өйткені олар өздеріндегі таяз мәліметтердің тар тере-
зесінен қарағандықтан ақиқатты толықтай кере алмауымен
қоймай, бұлкемшіліктерінайналасындағыәулиелерге тели-
ді, яғни әр әулиеден бір нұқсандық тауып, өздері арқалаған
сырттай білімнің тұманына батып арғы жақты көре алмай-
ды.
Мұндай адамдар үшін Аллаһ Тағала өткен үмметтерді
мысал келтіріп, былай дейді:
«Оларға Тәурат жіберілсе де оны қажетті түрде
орындамағандар кітап арқалаған есек сиякты. (Әсіресе)
Аллаһтың аяттарын жоққа шығарғандардың халі қандай
жаман. Шүбә жоқ, Аллаһ залымдарды дұрыс жолға сал-
майды»
. (Жұма, 5)
Қасиетті аят кәримәда айтылған кһгап арқалаған есектің
жағдайында-ғылар теңелген жануар сияқты арқалаған
кітаптарының бір сөзін де лайықты түрде түсінуді былай
қойғанда, кітап арқалап жүргендерінің де парқында емес.