Previous Page  248 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 248 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 249 -

Тәбәрани риуаят еткен бір хадис шәрифте былай деліне-

ді:

«Жер бетіндегілер табынған тәңірлердің ішіндегі

Аллаһтың ең жек көретіні - әуесқойлық».

Ләдүнни ілім

- тасаввуф ішінде рухани тәрбиенің

нәтижесінде жететін Хақтың сыйы. Құран Кәрімнің

көптеген аят кәримәларында осы ілім туралы айтылуы

осының дәлелі. Мұсаға (аләйһиссәләм) байланысты кел-

ген алғашқы уахиларда осы шындықтың ишараттары

айтылған.

Хазіреті Мұса (аләйһиссәләм) отбасымен бірге Мәдиен

қаласынан Мысырға кетіп бара жатқан еді. Жолда суық,

жаңбырлы, қараңғы бір түнде баласы дүниеге келді. От пен

жарық қажет болды. Алыстан бір от көреді. Негізінде анық

көрген оты, оны пайғамбарлыққа әзірлеуге бір ишарат еді.

Солжерденшоқ әкеліп, отжағып осылайша отбасыменжаңа

туған нәрестені жылытпақ болады. Сол жерге барғанда оған

Аллаһ (жәллә жәләл үһү) тарапынан:

«Ей, Мүса! Әлбетте, мен, иә, мен, сенің Раббыңмын!

Дереу нөліңді шеш! Өйткені, сен қасиетті Туа ойпатында

түрсың!»

- (Таһа, 11-12) делінді.

Тәпсіршілер «�

�ْ�َ�ْ�َ�ْ �َ�ْ��َ�

» "нәліңді шеш!" сөзін әр түрлі

баяндап ишари мағына берген. Бұлар қорыта айтқанда

Кұшейри, Ләтайфүл-ишарат пен Рухул-Баянда былайша

баяндалады:

«Екі нәлі дүние мен ақиретті тәмсіл етіп;

«Жүректі дүние мен ақиретке байланысты істерден бо-

сат! Хақ үшін барлық нәрселерден оқшауланып, Аллаһтың

мағрифаты мен назарында (бақылауында) ез нәпсің мен

мендігіңді жоюға тырыс!» деген сөз».

Екінші бір мағынада:

«Сен табиғатың мен нәпсіңнен арыл! Нәпсің мен оған

байланысты нәрселерді ойламайтын бол, кел!»