Previous Page  249 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 249 / 282 Next Page
Page Background

- 250 -

Хикмет

баспа үйі

«Дәлелді ойлаудан баз кеш! Өйткені көзбен көргеннен

кейін бұлардың пайдасы жоқ!» - түрінде баяндалады.

Сол себепті Шәйх Шибли Аллаһқа қауышқаннан кейін

барлық кітаптарын өртеп жіберген.

Хазіреті Мұса (аләйһиссәләм) Перғауын мен оның

әскерлері Қызыл теңізде Исрайл ұлдары қауымының көз

алдында жойылып кеткен соң қауымын жинап, оларға

өте анық, түсінікті, қызу уағыз айтты. Қауымы Хазіреті

Мұсаның ілім мен мағрифаттағы тереңдігіне қайран қалды.

Тәнті болды. Араларынан біреу:

«Ей, Аллаһтың пайғамбары, мына жер бетінде сенен

асқан ғалым бар ма?» - деді.

Хазіреті Мұса:

«Ондай адамды білмеймін» - деді.

Сол сәтте уахи келіп:

«Екі теңіздің бірлескенжерінде бір құлым бар, оған ерек-

ше ілім (ләдүн ілімі) бергенмін. Ү метіңнен таңдаулы бірін

алып соған бар!» - делінеді.

Мұса (аләйһиссәләм) досы Юша бин Нун (аләйһиссәләм)

мен бірге асығыс жолға шықты.

Мұса (аләйһиссәләм) өзіне уахи арқылы ишарат етілген

адамды, бір жартастың үстінде шекпенін бүркеніп отырған

жерінде көріп, сәлем берді.

«Мен Мұсамын» - деді. Қызыр:

«Демек,ИсрайлұлдарыныңпайғамбарыМұса сенболдың

ғой!» - деді. Мұса (аләйһиссәләм):

«Маған Аллаһ тарапынан хабарланған адамдардың ең

білгірі сенбісің?» - деп сұрады. Қызыр оған:

«Ей Мұса, Аллаһ маған бір ілім берген, ол сенде жоқ.

Саған бір ілім берген, ол да менде жоқ» - деп жауап берді.

Мұса (аләйһиссәләм) Қызырға (аләйһиссәләм) осы ілімді

үйренгісі келетіндігін айтты. Сырттай түсіну мүмкін емес,

өзіне ғажайып болып көрінген кейбір ақиқаттардың хикме-