Previous Page  252 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 252 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 253 -

болған. Тағы осы ынта Хазіреті Мұхаммедті (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) бұрынғы пайғамбарлардан да ілгері

дәрежеде Аллаһқа қауышу көрінісіне бөлеп, оны Миғражға

көтерген. Бұлар жасанды түрдегі емес, ақиқат нәрсе.

Осындай сырлы терең мәселелер жайында Хазіреті

Мәуләнәның (құддисә сирруһ) тілімен Мәснәуиді талдау-

шылар былай дейді:

«Егер тек қана доспен жан жолдас болып, жан жолдас

болған достарымның барлығы мені түсінгенде кейбір жат

адамдар біздің сұхбатымызға қатыспаған жағдайда мен

сендерге ғайып қазынасынан әліге тіл жетпеген талай жа-

сырын сырлар айтар едім. Айтатын да едім, түсіндіретін де

едім. Бірақ, сырларыма шыдай алатын дос, сырлас жоқ бол-

са, үндемеген дұрыс. Өйткені әр адамға ақылы жететіндей

дәрежеде сөз айту керек. Әйтпесе, халді түсінбейтін адамға

хикмет пен мағрифат туралы айту ақиқатқа зұлымдық бо-

лады.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай

дейді: «Хикметті иесінен басқаға берсеңдер (оған) зұлымдық

еткендерің». Мұның екінші бір мағынасы:

«Хикмет пен сырлардыиесіне бермейтін болсаңдар (онда)

оларға зүлымдық жасағандарың» деген сөз».

Мәуләнә (құддисә сирруһ) ләдүн ілімі, иләһи бір нәсіп

екендігін, бұл тек рухани қабілеттілерге ғана берілетіндігін

былай баяндайды:

«Яқубтың Юсуфтың жүзінде көрген ерекшелігі өзіне тән

еді. Ол нұрды көру Юсуфтың бауырларына нәсіп болмаған

еді. Бауырларының жан дүниесі Юсуфты көруден де,

тіүсінуден де алыс еді».

«Рухтың қорегі - ғашықтық. Жанның - қорегі аштық».

«Яқуб пенЮсуф бір бірін тартты. Сол себептідеЮсуфтың

көйлегінің иісі оған өте алыс жерден жетгі. Ал көйлекті

әкеле жатқан бауыры болса, ол иісті сезе алмады».

«Себебі, Юсуфтың көйлегі бауырының қолында

уақытша ғана нәрсе еді. Бауыры көйлекті Хазіреті Якубқа