Previous Page  254 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 254 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 255 -

Мұндай ілім Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм): «Уа, Раббым! Пайдасыз ілімнен саған сиынамын!»

деген ілім түріне жатады.

Ілім тақуалық және ықыласпен қоректенбесе, пайда-

дан гөрі зиянға көп себеп болады. Тақуалықпен безендіріл-

ген ілім ғана Хақ Тағала алдында қабыл болып, иесіне сыр

әлемінің есігін ашады. Сол кезде құл жазылмаған ілімге ие

болады. Бұл тақуалықтың берекетімен ғана болмақ.

Аллаһ Тағала былай дейді:ُ

ُا

�ُ�ِّ�َ�ُ�َ

َو

ا ا

�ُ� �

وَا

«Аллаһтан қорқыңдар (тақуалықтан таймаңдар! Біліп

қойыңдар) Аллаһ (сендерге білмегендеріңді) үйретеді!»

(Бақара, 282).

Сондай-ақИмам Ғазали менАбдұлқадир Гейлани сияқты

түлғалар, алдымен сыртқы ілімдердің шыңына жеткен еді.

Бірақ, ғайыби сырлар мен Аллаһқа баратын нәзік, жіңішке,

әрі тартымды жолға рухани тереңдіктерінің ішінен және

өте кеш болса да жетіп - Хақ досы болды. Аллаһ (жәллә

жәләлуһу) өзінің заттық ерекшеліктері мен сырларын

соларға, солар сияқты ерекше жаратылған адамдарға паш

етті. Олар да онымен айналысуға кедергі болған барлық ке-

дергілердіжойды.Тәндері зікір,нәпсіменкүресу, сұхбаттасу

және мұрақаба арқылы нұрға айналды. Сырлар мен хикмет-

терді көзбен көруге қол жеткізді. Аллаһ Тағала Бұл сияқты

рухани сыйларды ежелде өзі үшін таңдаған адамдармен дос

болған құлдардан басқаға бермейді.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Әбу Бәкір көп намаз оқып, көп ораза устағандығынан

сендерден үстем емес. Оның үстемдігі - жүрегіндегі тағзым

ниетінен».

Көптеген

аят

кәримәларда

әулие

құлдардың

жүрегіндегі ихсан сезімінің арқасында қорықпайтынын,

қайғырмайтынын және астынан өзендер ағып жатқан

жәннәттарға қол жеткізетіндігі айтылады.