Previous Page  255 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 255 / 282 Next Page
Page Background

- 256 -

Хикмет

баспа үйі

Әбу һурайрадан риуаят етілген бір хадис шәрифте:

«Кейбіржасырынілімдердітек"Аллаһтыңариф"құлдары

түсінеді. Бұл ілім туралы айтылған кезде оларды тек

өздерін жақсы көретін тәкәппар топтар ғана "надан" деп

санайды. Хақ Тағала өз тарапынан ілім берген ғалымдарды

төмен санамаңдар! Өйткені Аллаһ Тағала оларға сол ілімді

берген кезде оларды төмен санаған жоқ,»

- делінеді.

Ғазали (құддисә сирруһ) рухани ғұламалардың сырт-

тай ғалымдардан үстемдігін мына мысалдар арқылы

түсіндіреді:

Имам Шафи Шәйбани Райдың алдында шәкірт сияқты

тізе бүгетін. Оған:

«Ей, имам, сен кім, Шәйбани кім? Бұл құрметіңнің себе-

бі не?» - деп сұраған кезде Имам Шафи:

«Бұл адам, біздің білмегендерімізді біледі» - деп, жауап

береді.

Ахмед бин Ханбәл мен Яхия бинМуаз кейбір мәселелерді

Ма'руф Кәрһиден сұрайтын. Олардан мүның себебін

сұрағанда, сахабалардың:

«Уа, Расулаллаһ! Кітап пен сүннетте жоқ болса, не істей-

ік?» - деп сұрағанда, Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм):

«Оны

салих

адамдардан

сұраңдар!

Солармен

ақылдасыңдар!» - деген хадис шәрифті мысал келтіретін.

Әлбетте рухани ғалымдар көрінбейтін әлемнің сырына

толы. Жүнәйд Бағдадиге, Сәрий Сақати (құддисә сирруһ):

«Аллаһ сені алдымен сыртқы ілімдерге жеткізсін. Содан

кейін сопы қылсын!» - деп, дұға ететін. Сонымен қатар Ха-

рис бин Әсәд әл-Мухасибимен сұхбат етіп, одан әдеп пен ілім

алуға кеңес беретін.

Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) қайтыс болған кезде

Абдуллаһ бин Мәс'уд (радиаллаһу анһу):