Previous Page  261 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 261 / 282 Next Page
Page Background

- 262 -

Хикмет

баспа үйі

шығуға әмір етті. Жолда жарты күн өтпей жатып сабыры

бітті, қарны ашты. Жолдасына:

«Тамағымызды әкел, жейік!» - деді.

Өйткені оның Қызырға баруы бір сынаққа байланы-

сты еді. Сынақтың үстіне бәлекет қосылды. Мақлұқтың

қасында жол жүргенде жарты күнде қарны ашты. Ал Тур

тауындағысы Аллаһқа қауышып, онымен тілдесу сапары

еді. Тұрған жерінің айбыны Оған тамақты ұмыттырып жі-

берді. Есінде Аллаһтан басқа ештеңе қалған жоқ.

Ұлық пайғамбар Хазіреті Мұсаның Қызырдан ләдүн ілі-

мін үйрену үшін жіберілуі - өте назар аударарлық жайт.

Мұса (аләйһиссәләм) үшін сол сәтте ләдүн ілімін білетін

адамнан бұл ілімді үйренуі нұқсандық емес.

Мысалы, Мимар Синанның ғылыми күші мен қабілеті

Сүлеймания мешітін салынғанда жұмыс істеген барлық

ұсталардан жоғары. Синанның сол мешіттегі бір мәрмәр

ұстасы сияқты мәрмәрді өңдеуді білмеуі, ол үшін кемшілік

емес. Өйткені, ол ұсталар да Синанның қарамағына кіреді.

Мәрмәр өнерін содан үйренеді.

Бұл, Хазіреті Мүсаның барлық нәрсені білетін бір

пайғамбар емес, Аллаһтың ілімінен оған берілмеген бір

ілімнің болғандығын көрсетеді. Бұл ілім кейіннен оған

өзінен де төмен дәрежедегі Қызыр арқылы беріледі. Бұл -

пайғамбарлар да иләһи ілім алдында әлсіз екендіктерін біл-

діру, әрі Хазіреті Мұса мен Қызырдың қолындағы ілімнің,

болашаққа келетін зүл-жанахайн (дүние мен ақиретті

терең білетін адамды) көз алдына әкелу арқылы Хазіре-

ті Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мәртебесінің ең кәміл мәртебе екендігін білдіру үшін...

Уа, Рабб! Бізді жүректері иләһи нүрға толған, мағрифат

теңізінен нәсіп алған, сый-сияпат көріністеріне бөленген

құлдарыңнан қыл!

Әмин!