Previous Page  264 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 264 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 265 -

Дүние - әзәл (әу бастағы ежелгі) мен әбәд (мәңгілік)

арасындағы рухтың жырақтық жұрты. Рух онда ғаріп

күйде өмір кешеді. Айт - қайғы мен қуанышқа толы осы

жырақтық әлемінде Раб Тағаланың құлдарына сый тартқан

- қуаныш күні.

Бірақ,шынайыайтмерекелерішынайықұрбандықтардың

арқасында болады. Сондай-ақ Хазіреті Ибраһим Хазіре-

ті Исмайлді толық берілумен құрбан ететін кезінде, Хақ

Тағала тарапынан қошқар беріліп, Исмайл (аләйһиссәләм)

әкесіне сыйланған және қияметке дейін жалғасатын айт

мерекелерінің бастамасы болды.

Соғыстардың өзінде шынайы шейіттер, яғни құрбандар

берілгенде, сөзсіз артынан жеңіс келеді.

Мынау бір шындық - Раббысына құл болған құлдарға

түтқын болмайды. Арыстанның қапаста болуын ойлау

қалай мүмкін болмаса, мүминнің тұтқында қалуын да ойлау

мүмкін емес! Мүмин зынданның ең түкпіріндегі бір бөлмеде

кісенделіп, жатқан болса да, сол мүмин тұтқын емес, азат...

Өйткені, Раббысының кепілдемесінде. Басы кеудесінен

айрылғанша, тұтқын бола алмайды, Өйткені, ол Раббы-

сына берілген күйде. Сірә, Аллаһ өзіне беріліп, бас игенді

басқаға тұтқынға бермейді! Олар бас кесушілерінен де ұзақ

жасайды. Бәлкім, Аллаһ (жәллә жәләлуһу) олардың рухани

өмірлеріне мәңгіліктің берекетін берер. Осылайша бұл лә-

йәмут (өлімсіз) түлғалармен қияметке шейін жалғасатын

«өлімсіздер тізбегі» тарихтың даңқ пен абыройға толы бет-

терін жаза береді.

Тарихтың барлық кезеңдерінде куә болынған жайт -

рухани ұлылар, сұлтандар, Аллаһ жолындағы жауынгер

мәңгілікке дейін өмір иесі.

Сонымен қатар соғысқанда шынайы құрбан берілмей,

тірі бірақ көңілі елі және отанға деген сүйіспеншілігі жоқ

адамдар өліп жатқан болса, онда жеңіс емес, қайғы мен

қасіретке тап болу бар.