Previous Page  263 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 263 / 282 Next Page
Page Background

- 264 -

Хикмет

баспа үйі

Дүниелік өмірде жеке бас не қоғам беретін ықпалдардың

кейбірі нәпсілік, ал кейбірі болса, рухани сезімдерді

қоздырады.

Айт мерекелері

осы сезімдер қатарынан адамдағы мейі-

рімділік, қамқорлық, опа көрсету сезімдерін қайрап, тасы-

рады.

Адамның өзін қуандырады һәм өзгелерді қуантудың

қуанышын сездіреді.

Айт мерекелері - жеке бастың емес, қоғамның ру-

хани қуанышы, осы қуанышты бөлісу, езіміздің

және басқалардың көңіл дариясына сүңгу, барлық

мұсылмандарды бауырмалдық сезіммен құшақтау болып

табылады. Бір құдси хадисте Хақ Тағала:

«Жер мен көкке сыймаймын, мүмин құлымның көңіліне

сыйамын!»

- деген.

Айт мерекелері

- Жаратушының құрметіне барлық

мұсылмандарға

сүйіспеншілік

көрсетіп,

оларға

рақымдылықпен, нәзіктікпен қол ұшын беру.

Айт мерекелеріне жабырқаулы көңілдердің, ешкі-

мі жоқтар мен қайғыда жүргендердің көңілін баурап,

құшақтап бастау керек.

Хадис шәрифте айтылғандай, алғашқы айтшылауға

бізден аса мейірім, рақым, рухани көмек пен дұға күткен

қайтыс болып кеткен жақындарымызбен бастауымыз жөнді

болады. Бұл жағдай - еліктер мен тірілердің сағыныштарын

басып, араласулары. Сондай-ақ Фатихалар мен садақалар

бағыштап, өткендерімізге деген адалдық қарызымыздың

төленуі. Әлемнің мәңгі мақтанышы Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Сендерге екі уағызшы қалдырамын. Бірі - үндемейді,

екіншісі -сөйлейді. Үндемейтін уағызшы - өлім. Сөйлейтіні

болса, Құран Кәрім,»

- деген.

Екінші бір хадис шәрифінде болса:

«Қабірге кірген - саздауытқа түскен адам секілді. Ме-

дет күтеді»

- деген.