Previous Page  262 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 262 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 263 -

ҚАЙҒЫЛЫ АЙТ-МЕРЕКЕ

«Егер сенің көңілің болса, Көңіл Қағбасын

тауаф қыл!»

Хазіреті Мәуләнә

Қателік пен оның ақыры - қайғы адамзаттың жаратылу-

ымен бастаған. Сірә, тұңғыш атамыз Адам (аләйһиссәләм)

иләһи қалау бойынша бір зәлләге душар болған еді.

Мұнысының нәтижесі ретінде жәннаттан қуылып, дүниеге

жіберілуімен алғашқы қайғы татылған болды.

Хазіреті Адам жаралған балшыққа 39 жыл қайғы, ал,

бір жыл қуаныш жауған. Қайғы мен шердің басымдығы

соншалық бұрыннан бері бар.

Адам өмірі ананың қиналуы, өзінің де жылауымен баста-

лады. Ақыры, тән деген киімі шешкізіліп, мәңгілік сапарға

аттандырады. Оның осы келіп-кетуінде қайғы басым.

Бұл келіп-кетудің арасына көкей көзімен қаралса,

өмірдің шексіз қайғы, мұң, қиыншылық жағдайлар мен бос

әуестерге толы екені байқалады. Бірақ, ғапылдық көйлегін

жыртып, келген әлемінің шындықтарын аңғарған үпы рух-

тар үшін өмір - сынақ, өлім болса - той кеші яғни, қауышу.

Хазіреті Мәуләнә өмір бойы осы қауышу сәтін іңкәрлікпен

күткен.

Фәни өмір сахнасында іске асқан нәпсілік жетістіктер

теңіз жағасында ойнап жүрген балалар жасаған, бірақ кіш-

кентайбіртолқынменқұлайтынқұмүйлерменойыншықтар

іспеттес.

Адамның жаратылу себебі - Раббыға құлдық, Оның білі-

нуі және нәпсінің бақылауға алынуы.